Эссенциале® форте Н

300 мг капсулалар

Белсенді зат – 300 мг cоя бұршақтарынан алынған эссенциальді фосфолипидтер құрамында 76% холин бар

Қолданылуы

Тәбет болмауымен, оң жақ қабырға астынан ауырлықты сезінумен қатар жүретін

  • бауыр стеатозында (бауырдың майлы дистрофиясында)
  • бауырдың уытты зақымдануында
  • жедел гепатитте
  • созылмалы гепатитте
  • бауырдың алкогольдік ауруында
  • бауырдың дәрілік зақымдануында
  • теңгерімсіз тамақтануда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан (дене салмағы 43 кг-ден асқан) балаларға 2 капсуладан күніне 3 рет

Жағымсыз әсерлері

Асқазанның ауыруы, нәжістің сәл жұмсаруы, диарея, бөртпе және есекжем түріндегі аллергиялық реакциялар, қышыну.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Құрамында соя бар препараттарға және/немесе препараттың кез келген компонентіне белгілі аса жоғары сезімталдығы бар науқастар

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

А. Наттерманн және Сие. ГмбХ, Германия

Капсуланың ішінде не бар

Ішінде мысқа ұқсас паста тәрізді масса бар.Бір капсулада белсенді зат 300,0 мг cоя бұршақтарынан алынған эссенциальді фосфолипидтер құрамында 76% (3-sn-фосфатидил)-холин бар және қосымша заттар бар.

Бұл беттегі ақпарат Санофи-дің жарнамасы немесе ұсынысы болып табылмайды. Жоғарыда аталған интернет-дәріханалар тізімі толық болып табылмайды және тек ақпараттық мақсаттарға арналған. Санофи оны жаңартуға жауапты емес. Тізбесінде көрсетілген интернет-дәріханалар Санофи-ге қатысы жоқ.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Санофи-авентис Казахстан» ЖШС Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Н.Назарбаев д-лы, 187 «Б» телефон: +7 (727) 244-50-96 факс: +7 (727) 258-25-96
e-mail: Kazakhstan.Pharmacovigilance@sanofi.com, quality.info@sanofi.com.
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз. ҚР-ДЗ-5№016211, 27.03.2015 ж. 27.03.2020 ж. дейін