Майлы гепатоз: факт ретінде қабылдау немесе құтылуға тырысу керек пе?

Майлы гепатоз деген не? Майлы гепатоздың дәрежелері Майлы гепатоздың себептері Майлы гепатоздың симптомдары Майлы гепатозды емдеу

Майлы гепатоз – бұл бауыр жасушаларында майдың жиналуымен сипатталатын бауырдың жағдайы. Оны стеатоз (май бездерінің дерті) немесе майлы дистрофия деп атайды. Кейбір жағдайларда жеке ауру, аурудың кезеңі (мысалы, бауырдың алкогольді емес майлы ауруы - БАЕМА) немесе басқа аурулардың құрамындағы синдром деп саналады.

Майлы гепатоздың тәжірибеде жеке түсінігі биопсияны(микроскоп арқылы тіндерді кесу талдауы) енгізгеннен кейін пайда болды. Диагноз май мөлшері құрғақ затқа қайта есептеу кезінде мүшеде оның салмағының оныншы бөлігін асқан жағдайда қойылады.

Майлы гепатоздың дәрежелері

image1

Стеатоздың келесідей дәрежелері ажыратылады1:

0 – майдың ұсақ тамшылары жеке жасушаларда (гепатоциттерде) анықталады;

1 дәрежесі – қалыпты семіздік ошақтары (ірі және орта тамшылар);

2 дәрежесі – әртүрлі мөлшердегі май тамшылары жасушалардың ішінде қалыптасады, бірақ процесс кілегей-диффузды болады;

3 дәреже – май қыртыстары мен бауырдан тыс жасушалардың пайда болуы.

Емдеуден гөрі алдын-алу жеңілдірек Дәрі туралы

Бауыр жасушаларында майдың жиналуы неге әкелуі мүмкін?

Егер стеатозға қабыну қосылса, фиброз бен цирроздың ықтимал қалыптасуымен стеатогепатит деп аталатын БАЕМА-ның келесі кезеңі дамиды. Ол алкогольді де, және алкогольді емес те болуы мүмкін.

Қазіргі таңда БАЕМА – бұл жиілік пен маңыздылықтан мүше трансплантациясына үшінші көрсетілім болып табылады2. Одан басқа, оның бар болуы дүние жүзіндегі өлімнің жиі себебінің бірі жүрек-қантамыр ауруларының пайда болу қаупіне көрсетеді. Сондықтан осы аурудың бірінші кезеңінде де салдарлықпен қарау қажет.

Майлы гепатоздың себептері

Пайда болу себептеріне байланысты майлы гепатоз бен алғашқы және екінші стеатогепатит деп бөлінеді.

Бастапқы стеатоз келесідей факторлар болған кезде пайда болады:

  • - артық дене салмағы мен семіздік;
  • - инсулинге сезімталдықтың бұзылуы, глюкоза деңгейінің жоғарылауы және 2-типті қант диабеті;
  • - қандағы триглицеридтер мен холестерин мөлшерінің ұлғаюынан пайда болатын липид (май) алмасуының бұзылуы;
  • - метаболикалық синдромның болуы, ол кезде майлы гепатоз оның бауыр көрінісі деп санайды.

Екінші майлы гепатоз келесілер нәтижесінде дамиды:

  • - бауырға уытты әсері бар дәрілік заттарды қабылдау, олардың ішінде-глюкокортикоидтар мен эстрогендер гормондары, ісікке қарсы дәрілер, қабынуға қарсы жеке дәрілер, тетрациклин және басқалар;
  • - ішектің және ұйқы безінің созылмалы аурулары, сондай-ақ тамақпен бірге түсетін майлардың сіңуі мен ыдырауы бұзылатын хирургиялық араласулар;
  • - аштық, тез арықтау және теңдестірілмеген тамақтану;
  • - бауыр функциясының, көмірсу және липидтік алмасуының бұзылуы бар кейбір жүйелік аурулар (Коновалов-Вильсон ауруы3, липодистрофия);
  • - олипидтер алмасуының бұзылуына себеп болатын нақты бір генетикалық мутациялар.

Алкогольді емес майлы аурудың алкогольді майлы аурудан маңызды ерекшелігі аурудың алкогольді күнделікті қабылдауымен байланысы болып табылады. Ерлер үшін этанолдың шекті дозасы тәулігіне 30 г (аптасына 210 г), ал әйелдер үшін тәулігіне 20 г (аптасына 140 г) анықталған4.

Майлы гепатоздың симптомдары

image2

Стеатозбен әйелдер ер адамдарға қарағанда 2 есе жиі ауырады1. Жасы 40-60 жас. Бұл негізінде ағзада зат алмасуға әсер ететін гормондық өзгерістермен байланысты.

Аурудың білінуінің ішінде ең тұрақты симптомы - бауырдың ұлғаюы болып табылады, оң жақ қабырға астындағы ауырлық және аз ауырсыну түрінде жағымсыз сезім болуы мүмкін. Бұл кезде ауру сыздап ауырады. Кейде жүрек айну, сирек құсу немесе ішек қызметінің бұзылуы байқалады.

Бірінші кезекте астеникалық синдром шығады. Емделушілер әлсіздік, ұйқышылдық, дағдылы жұмысты орындау кезінде тез шаршағыштық секілді симптомдарға шағымданады.

Майлы гепатоздың негізгі диагностикалық белгілері қосымша зертханалық және аспаптық зерттеулер кезінде анықталады. УДЗ-де мүшенiң бірқалыпты ұлғаюы, майлы қосындылар анықталады. Стеатоздың эхобелгілеріне эхогенділіктің ұлғаюы, «жарық» деп аталатын бауыр, анық емес тамырлы сурет жатады. Компьютерлі және магнитті-резонансты томография кезінде азаятын тіндердің рентгенологиялық тығыздығы, және майдың сандық мазмұны (ошақтық немесе қосынды) бағаланады.

Гепатоздың эхобелгілері жеткілікті анық болғанымен, ең нақты диагноз тек пункциялық биопсия көмегімен қойылады.

Зертханалық зерттеулердің де маңызы бар. Әдетте май дистрофиясы бар емделушілерде глюкоза, триглицерид, қандаға холетерин мөлшері жоғары, бауыр ферменттерінің көрсеткіштері – АЛТ, АСТ – орташа артқан (2-4 есе3). Қабынудың дамуы кезінде олардың жоғарылауы едәуір болады, өттің іркілу белгісі қосылады.

Майлы гепатозды емдеу

Егер диагноздер кезінде қойылса және ауру майлы гепатоз сатыларында қалып қойса, онда гепатоциттердегі майдың жиналуынан толық құтылуға мүмкіндік бар.

Бауырдың майлы ауруын емдеу оның дамуына әкелетін факторларды түзетуден басталады. Бірінші кезекте бұл артық салмақ пен алмасу бұзушылықтары. Диета және дұрыс теңдестірілген тамақтану жақсы нәтиже береді. Тамақпен майлардың және қарапайым көмірсулардың келуін шектеу, рационның жалпы калориялығын тәулігіне 500-1000 калорияға төмендету ұсынылады, бұл аптасына жарты килограмм салмақ жоғалтуға әкеледі. Диетаға қайнатылған немесе пісірілген түрдегі көкөністердің, жармалардың, майсыз қышқыл сүт өнімдерінің жеткілікті мөлшерін қосу міндетті.6

Дұрыс тамақтанумен үйлесімде бірқалыпты физикалық жүктемелер пайдалы болады. Күніне 30-40 минут жүруден бастауға болады, біртіндеп күш және аэробтық жаттығуларды қосуға болады.

Салмақтың 7-10%-ға төмендеуі - стеатоздан құтылудың нақты мүмкіндігі.

Егер бұл алкогольді майлы ауру болса, онда спиртті қолдануды шектеу қажет.

Дәрі-дәрмекпен емдеу үшін келесілер қолданылады:

  • - гепатопротекторлар, мысалы, эссенциальді фосфолипидтер5 – бірнеше қызметті бірден атқаратын тиімді препараттар: липидтер мен көмірсулардың алмасуын жақсарту, бауыр жасушаларының қалпына келуі, еркін радикалдардың және еркін май қышқылдарының тотығу өнімдерінің уытты әсерлерін азайту, дәнекер тіннің (фиброздың) қалыптасуының алдын алу.
  • - антиоксиданттар – Е, С дәрумені.
  • - 2-типті қант диабетін және басқа ілеспелі ауруларды түзетуге арналған дәрі-дәрмектер.

Емнің мақсаты: БАЕМА-ның келесі, одан да ауыр сатысыларына жол бермеу және тұрмыс сапасын жақсарту.

Дереккөздер
  1. Подымова С.Д. Майлы гепатоз, алкогольді емес стеатогепатит. Клиникалық– морфологиялық ерекшеліктері. Болжам. Емдеу // РМЖ. 2005. №2. Б. 61.
  2. Панчук М.С. Бауырдың алкогольді емес майлы ауруы мен жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары// Consilium Medicum. 2012; 10: 122-125.
  3. Надинская М.Ю. Бауырдың метаболизмдік аурулары. Consilium Medicum. 2004; 06: 393-400.
  4. Звенигородская Л.А. Бауырдың алкогольді емес майлы ауруы: көрініс дамуы, патогенетикалық акцент, ем тұрғылары. Қиын емделуші. 2015; 10-11: 37-43
  5. Маев И.В., Андреев Д.Н. Бауырдың алкогольді емес майлы ауруы: даму механизмі, клиникалық түрлері мен дәрі-дәрмектік түзетулер. Гастроэнтерология. 2012; 2: 36-39
  6. Грищенко Е.Б., Щекина М.И. Бауырдың алкогольді емес майлы ауруы: емнің фармакоэкономикалық аспектілері. Гастроэнтерология. 2011; 1: 94-98

Веб-сайттарға соңғы қолжетімділік күні – 06.09.2018

SAKZ.PCH.18.09.0904