Майлы гепатоз сатылары

Майлы гепатоз деген не? Ауру себептері Деңгейлері мен белгілері

Майлы гепатоз немесе стеатогепатоз – нәтижесінде мүше құрылымы өзгеретін бауыр ауруы, гепатозиттер патологиялық май жиналу есебінен өздерінің қызметін жоғалтады, нәтижесінде созылмалы гепатит немесе бауыр циррозы түріндегі қайтымсыз өзгерістерге алып келуі мүмкін. Бұл жағымды болып естілмейді. Бұны болдырмас үшін: ауруды не шақырады, айтпақшы, ересек адамдар ішінде ең жиі кездесетін аурулардың бірі, қай сатысында қайтымды және одан қалай қорғану қажеттігін білу қажет. Осы туралы төменде оқыңыз.

Майлы гепатоз деген не?

image1

Қалыпты жағдайда бауырдың көптеген қызметінің бірі – ерекше көмірсуды, гликогенді жинау, «қор ретінде алып қою». Бұл заттың бауыр жасушасындағы жұмысы глюкоза сырттан келмейтін кезде, оның қандағы мөлшерін сақтап тұру. Яғни, адам тамақтанбайтын кезеңде. Мысалы, түнде.

Бірақ майлы гепатоз кезінде бауыр жасушаларының қызметі өзгереді. Олар гликоген орнына майды жинай бастайды. Май, дәлірек айтқанда липидтер: фосфолипидтер, лецитин мен басқалар гепатоциттің түгелге жуық кеңістігін басады, оның органеллалары адекватты түрде жұмыс істеуді тоқтатады, демек, өздерінің басқа қызметтерін орындауды да тоқтатады – уыттарды заласыздандыру, өтті өндіру және тағы басқа. Ал бауырдың 500 аса қызметі бар, сондықтан осы мүшенiң саулығы өте маңызды.

Емдеуден гөрі алдын-алу жеңілдірек Дәрі туралы

Ауру себептері

Сонымен не себептен жасушаларда осындай өзгерістер болады? Мәселенiң дамуы үшін бірнеше себептер бар. Негізгілері келесідей:

  • - Зат алмасудың бұзылуы (қант диабеті, семіру);
  • - Тамақтанудың бұзылуы (қатаң шектеуші диеталар, ақуыз жеткіліксіздігі, артық тамақтану, ашығу мен т.б.);
  • - Алкоголь қабылдау;
  • - Кейбір дәрілік заттардың әсері.

Бұған қоса, алькогольді қабылдаумен шақырылған стеатоз жеке ауруға – бауырдың алкогольді ауруына бөлінеді. Ол туралы көрші мақаланы оқыңыз. Бірақ, сіз байқағандай, бауырдың майлану себептерінің тізімінде бірінші тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы тұр. Яғни, бірегей мүшедi жансыз майлы конгломератқа айналдыру үшін улар мен химикаттармен байланысу міндетті емес. Кейде жәй ғана өмір салтын мән бермеу жеткілікті.

Деңгейлері мен белгілері

image1

Стеатогепатоз – тыныш ауру, бірінші кездері сарғаюмен, аурулармен және басқа шағымдармен өзі туралы ескертпейді. Көбінесе ауру белгілерін құрсақ қуысының бір реттілік УДЗ кезінде кездейсоқ табады. Бірақ диагнозды қою үшін, жалғыз ультрадыбыс жеткіліксіз.Кеңес кезінде терапевт, гастроэнтеролог немесе гепатолог Сізге келесілерді өтуді тағайындап береді:

  • - Компьютерлі томография;
  • - Қанның биохимиялық талдауы;
  • - Радионуклеидті сканерлеу;
  • - Қанның жалпы талдауы;
  • - Және бауыр биопсиясы, қажет болған жағдайда.

Клиникалық практикада зақымданған мүше ұлпасының көлемі мен аурудың білінуіне қарай аурудың 4 деңгейі бөлінген.

0 дәреже

Әдетте май ошақты түрде жиналады да, зақымданған тіндердің жалпы саны 10%-дан аспайды. Осы кезеңде ауру ешқандай клиникалық көріністі көрсетпейді. Адамдар бауырда өзгерістердің пайда болғанынан сезіктенбейді де.

1 дәреже

Майдың жиналуы шамамен бауырдың жалпы массасының үштен бір бөлігін құрайды, қабыну және дегенерациялық үдерістер дами бастады. Кейде адам оң қабырға астында шағын ғана ауырлықты сезуі мүмкін, алайда белгі жеткіліксіз. Осы деңгейде үдеріс әлі де қайтымды.

Үйлестірілген тамақтануды қайта қалпына келтірілген, жеткілікті физикалық белсенділік пен бастысы – өмір салтын өзгерткеннен кейін салмақтың түсуі кезінде бауыр жасушалары жиналған майлардан арылып, мүше өзінің алғашқы қызметтерін қайтарады.

2 дәреже

Бауырдағы май үлесі жалпы салмақтың үштен екі бөлігіне жетуі мүмкін, бірақ мүше бұрынғысына қарағанда біраз нашар болса да, әлі де өзінің міндеттерін орындайды. Емделушінің шағымдары бірақ айқынырақ болады: ауырлық сезім бар, бауыр аймағында сыздап ауыру, сонымен қатар сару ауру пайда болуы мүмкін.

Емдеу үшін болжам жағымды, алайда қызметтің қайта қалпына келуі үшін көп күш пен уақыт кетуі мүмкін.

Майлы гепатозды емдеу үшін,көбінесе гепатопротекторлы дәрілік заттарды жазып беруі мүмкін. Бұл дәрілік заттар құрамымен ерекшеленіп, клиникалық сурет пен зертханалық зерттеулер деректеріне негізделе көрсетіледі.

3 дәреже

Бауырдың толық май басуы байқалады. Жасуша аралық кеңістікте майлы сарысулар анықталады. Қабыну өзгерістері соншалықты қатты, фиброзға, содан соң бауыр циррозына – асқынған гепатоздың логикалық нәтижесіне алып келуі мүмкін. Осы деңгейде мүшедi бастапқы жағдайына қайтару мүмкін емес. Дәрігерлердің қолында өзгерістерді тоқтатып, цирроздың мерзімін ұзарту. Бірақ емделушінің өмір салтын өзгертуін қаламауы жағдайында, барлық тырысулар пайдасыз.

Егер сізде бауырдың тарапынан шағымдар пайда болса, егер сіз майлы гепатоздың даму тәуекелінің тобында болсаңыз, ештеме жасай алмайтын кезге дейін күтпеу керектігін есте сақтау қажет. Уақытылы тексерістен өтіп, керек болған жағдайда ем курсын өтіп, сау бауырмен өмір сүрген дұрыс.

SAKZ.PCH.18.09.0919