Диета көмегімен майлы гепатозды қалай жеңуге болады

Майлы гепатоз: себептері Майлы гепатоз: емі Майлы гепатоз бен семіздік: диета

Майлы гепатоз (майлы дистрофия) немесе бауыр стеатозы жеке ауру ретінде немесе бауырдың майлы ауруының, алкогольді немесе алькогольді емес, бастапқы сатысы ретінде дамиды. Бауыр жасушасында, ал асқынған жағдайларында жасуша аралық кеңістікте май тамшыларының жиналуымен сипатталады. Бұл кезде бауыр қызметтері зардап шегеді.

Майлы гепатоз: себептері

image1

Майлы гепатоздың себептері ретінде май мен көмірсулар алмасуының бұзылуы, семіру, 2-типті қант диабеті, алькогольді шамадан тыс қабылдау, бауырға уытты әсері бар дәрілік заттарды қабылдау танылған. Сонымен қатар майлы дистрофия (гепатоз) жүктілік, ашығу, салмақтың екпінді түсуі кезінде жіті дамуы мүмкін.

Емдеуден гөрі алдын-алу жеңілдірек Дәрі туралы

Майлы гепатоз: емі

image1

Майлы гепатозды емдеу оның пайда болуына алып келген факторларды жоюдан басталады. Сондықтан терапевтикалық шаралардың маңыздысының бірі диета мен өмір салтын өзгерту болады. Тиісті тәсіл кезінде бауыр стеатозы толықтай қайтымды болады.

Майлы гепатоз бен семіздік: диета

image1

Майлы гепатоз кезіндегі негізгі тамақтану бауыр аурулары кезінде көрсетілетін №5 үстел диетасы, сонымен қатар семіздік бар емделушілерге №8 үстел негізінде диета болып табылады. Олардың жалпы сипаттамасы – жануардан алынатын майлар мен қарапайым көмірсуларды азайту, өнімдердің үнемдеп өңдеу, алкоголь, қуырылған, ұннан жасалған тағамдар мен тәттіден бас тарту.

Диета міндеттері:

  • - майлар мен көмірсулар алмасуын реттеу;
  • - өттің қалыпты өндірілуін қамтамасыз ету;
  • - бауыр қызметін қайта қалпына келтіру;
  • - бауыр жасушаларын уытты әсерлерден қорғау;
  • - бауырдан майды шығару үшін жағдай жасау.

Жалпы кеңестер:

  • 1. Жиі және аздап жеу – 5-6 рет тамақтану, мөлшері – шамамен 200 мл. Бұл артық тамақтану мен асқазанның кеңеюін ескертіп, жалпы тағамдық құндылықты азайтқанның өзінде қарын ашу сезімінен арылтады, зат алмасуды белсендіреді.
  • 2. Рационның энергетикалық құндылығын семіру кезінде 500-1000 құндылыққа азайту. Бұл аптасына 500-1000г салмақ түсіруге көмектеседі.
  • 3. Диетаны дәрумендермен, әсіресе антиоксиданттар ретінде Е және С толықтыру.
  • 4. Бір күн ішінде 1,5-2 л таза су ішу, ол уыттардың шығуына көмектеседі. Оны газсыз минералды сумен, шөп шайлармен, кепкен жемістерден нәрсумен ауыстыруға болады.
  • 5. Тұзды қабылдауды шектеу. Оның мөлшерін тиімді бақылау үшін, тамақты тұздау емес, тамақты қабылдау уақытында қосуға кеңес беріледі. Одан басқа, асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының тітіркенуінен құтылу үшін, диетологтар көп дәмдеуіштерді, әсіресе бұрышты қолданбауға кеңес береді, қышқыл тамақтан бас тарту қажет.
  • 6. Майдың түсуін тәулігіне 80г дейін азайту, ал ақуыз мөлшерін майлы емес ет(құс) пен балық түрі есебінен 100-120 г арттыру.
  • 7. Жасұнықтың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету. Бұл үшін пісірілген және қыздырып пісірілген көкөністер мен жемістерді (семіздік болса тәтті емес) жеу.
  • 8. Жылы тамақ қабылдау.

Майлы гепатоз кезінде мәзірге не кіруі мүмкін

Пісірілген тамақтарды қабылдауға кеңес беріледі, сонымен қатар, өнімді қызартып пісіруге немесе оларды буда пісіруге болады. Осылайша малдан алынған, сондай-ақ өсімдік майларды қолдану азаяды, тамаққа қуыру кезінде пайда болатын трансмайлар түспейді. Тамақ тез сіңіп, қорытылады, бауырға, ұйқы безі мен өт қабына салмақ азаяды.

Өнімдер құрамында жеткілікті мөлшерде амин қышқылдары, дәрумендер және майды ірітіп, бауырдан шығаруға көмектесетін, сонымен қатар артық тамақтануға тосқауыл болатын заттар болу қажет.

Ондай өнімдерге пектин пайызы көп жемістер, көкөністерден жасұнық, майлы емес ірімшік, сүтке піскен ботқалар жатады.

Гепатоз бен семіру кезіндегі тамақтану алуан түрлі болып қалуы керек және келесідей тамақтар мен өнімдерді қоса алады:

  • 1 тамақ: сорпа мен қуырылған тұздықты қолданбаған түрдегі көкөністен, жармалық және сүт көжелері.
  • 2 тамақ: ет – майлы емес құс, бұзау еті, қоян, одан котлет, тефтелдер, езбе; буда піскен немесе котлет, суфле түрінде дайындалған майлы емес балық, буда піскен омлет.
  • Гарнирлер: суда немесе майлы емес сүтте ботқа – сұлудан, қарақұмықтан, күріштен, ұнтақтан,қайнатылған картоп немесе картоп езбесі, қырыққабаттан көмеш пен салаттар, қатты бидай сорттарынан макарондар.
  • Сүт өнімдері: майлы емес ірімшік, сүзбе, қаймақ, айран, олардан көмеш, қызарып пісірілген сүзбелі құймақ, еріншек вареник жасауға болады.
  • Нан: кешегі, кебекпен, тәтті емес печенье. Сусындар: қою емес шай, итмұрын қайнатпасы, морстар, жаңа сығылған шырындар.
  • Тәттілер: жидектер, қайнатылған және қызартып пісірілген жемістер, қышқыл емес алмалар, киселдер, бал, пастила.

Мәзірден нені алып тастау қажет:

  • - Қою кофе, какао, газдалған сусындар.
  • - Майлы, қуырылған және сүрленген өнімдер: ет, балық, соның ішінде субөнімдер(бауыр, жүрек), консервідегі өнімдер.
  • - Ашытқы қосылған жаңа пісірілген нан.
  • - Шикі жидектер.
  • - Көкөністерден болгар және ащы бұрышты, пияз, соның ішінде жасыл, ақбас қырыққабат, ақжелкен, аскөкті шектеу қажет.
  • - Торттар мен кремі бар тәтті нан.
  • - Шоколад.

Осындай тамақтанудағы өзгерістер салмақты жеңіл тастауға және майлы гепатоздан айығуға мүмкіндік береді. 5-8 апта немесе одан көп ұстау қажет диета, қалыпты физикалық жүктемелермен, ал қажет болған жағдайда дәрілік заттармен толықтырылады.

Дереккөздер
  1. ЕASL–EASD–EASO Clinical Practice Guidelines for the management of non-alcoholic fatty liver disease. Journal of Hepatology 2016 vol. 64, 1388–1402.
  2. Барановский А.Ю. Диетология, нұсқаулық. «Питер» басылымы, Спб, 2005.
  3. Окороков А. Н. ішкі мүшедер ауруларын емдеу:Тәжірибелік нұсқаулық 3 т. Т.1,2-басылым., Минск: Беларусь., 1997 – 323 б.
  4. Огурцов П.П., Мазурчик Н.В. Клиникалық гепатология курсы, оқу құралы, РХДУ, Мәскеу, 2008.
  5. Васюкова О.В. семіру мен 2 типті қант диабеті кезіндегі диеталық кеңестер.

Веб-сайттарға соңғы кіру күні – 06.09.2018.

SAKZ.PCH.18.09.0900