Фосфолипидтер

Жасушалы мембрана деген не? Бауыр қызметінің бұзылу себептері Эссенциальді — демек, қажетті БАЕМА кезіндегі фосфолипидтер

Бауыр жағдайы адам денсаулығы үшін маңызды рөльдi атқарады. Салмағы бір килограммнан асатын бұл мүше көптеген міндеттерді атқарады. Бауырдың бір жасушасында, гепатоцитте, шамамен 500 түрлі биохимиялық үдерістер өтіп жатады1. Бауырда қауіпті заттардың ыдырауы мен/немесе уытсыздандыруы, сонымен қатар олардың ағзадан шығарылуы жүзеге асып жатады. Одан басқа, мүше биологиялық мембраналардың маңызды құрамдас бөліктерін – фосфолипидтерді синтездейді2.
 

Жасушалы мембрана деген не?

Жасушалар – адам ағзасының негізгі құрылыс блоктары. Олар, өз жағынан, ішінде цитоплазманы ұстап тұратын сыртқы мембрананы, жасуша «қабырғасын» түзуші майлар мен фосфолипдтерсіз өмір сүре алмайды. Мембрана фосфолипидтердің екі қабаты болып табылады, олар суға еліктейтін гидрофилді «бастиек» пен гидрофобты, яғни суға төзімді «құйрықтан» тұрады. Фосфолипидтер екі қатарының «бастиегі» сыртқа, сұйықтыққа қаралып, ал «құйрығы» жасуша қабырғаларына жоғары беріктікті қамтамасыз етіп, бір бірімен жалғанады2.

Фосфолипидтер жасушалы қаңқаны сүйемелдеп, құрылымдық қызметін атқарады, молекулярлы тасымал үдерісінде, ферментативті және басқа кем емес маңызды үдерістерде қатысады. Олардың қызметінің қандай да бір бұзылуы ауыр салдарларға алып келуі мүмкін2.

Гепатоциттер — бауыр «кірпіштері»

Бауыр жасушалары, гепатоциттер, мүше салмағының 70-85%-на дейін құрайды. Олар төмендегідей үдерісте қатысып, бауыр қызметіне негізгі жауапкершілікті алып жүреді:

  • – Протеиндер синтезі мен сақтау
  • – Көмірсулардың ыдырауы
  • – Холестерин, өт тұздары мен фосфолипидтер синтезі
  • – Заттардың детоксикациясы, ыдырауы мен шығуы
  • – Өттің пайда болуын қоздыру мен өттің өндірілуі

Гепатоциттердің жасушалы қабырғасы, басқа кез келген жасушаларда сияқты, оның толық қызмет істеуін қамтамасыз ететін фосфолипидтерден тұрады. Алайда, өкінішке орай, ол осал. Жағымсыз факторлар әсері, мысалға, кейбір дәрілік заттардың, уытты заттардың әсері және әсіресе алкоголь және тіпті үйлестірілмеген рацион жасуша ішілік алмасудың бұзылуы мен гепатоциттердің өліміне алып келеді. Осылайша түрлі бауыр аурулары пайда болады1.

Бауыр қызметінің бұзылу себептері

Бауыр мәселелерi ең алдымен созылмалы уланумен байланысты, ол, өз қатарында, түрлі аурулар мен жағдайлармен шақырылуы мүмкін. Оларға алкогольді созылмалы түрде қабылдау, 2- типті қант диабеті, экологиялық улану, тамақ пен тұрмыстың химияландырылуы, дәрілік заттардың жағымсыз әсері мен басқа факторлар жатады. Осылардың бәрі антиоксидантты механизмнің барабар жұмысының бұзылуынан кейін оксидативті күйзелістің дамуын тудырады. Бірте бірте созылмалы жағымсыз әсер аясында жасушалы мембрана, ақуыздар мен ДНҚ бұзылуы болып, жасуша жұмысы бұзылады.

Созылмалы улану нәтижесі ретінде үштілік болып табылады: майлардың асқынтотығуы (еркін радикалдардың әсерімен болатын олардың тотықтандырғыш құлдырауы), бауыр жасушасында мүше салмағының 5% аса майдың жиналуы (стеатоз) мен созылмалы қабыну1 .

Эссенциальді — демек, қажетті

Түрлі текті бауыр ауруларын емдеу үшін эссенциальді фосфолипидтер(ЭФЛ) қолданылады. Олардың қарапайым фосфолипидтерден түбегейлі айырмашылығы линол қышқылының қосымша молекуласының болуында. Бұл ЭФЛ жасуша мембранасының ақауларын толықтыруға мүмкіндік береді, бұл жасуша мембранасының иілгіштігін арттырып, қызметін тұрақтандырады. Дәл линол қышқылының бар болуы ЭФЛ-дің классикалық фосфолипидтерден, мысалыға, эссенциальді фосфолипидтердің емдік артықшылығының негізінде жатқан лецитиннен маңызды ерекшелігі болып саналады2.

ЭФЛ көрсетілімін, қандай да бір мағынада, мембраналық ем деп айтуға болады, өйткені олардың белсенділігі тура жасуша қабырғаларымен байланысты. Осы ем бағалы затты алатын соя бұршақтарының арқасында мүмкін болды3.

Соя бұршақтары: ерте заманнан біздің күнге дейін

Бір жылдық бұршақ тұқымдас класына жататын өсімдіктерді мың жылдар бойы адамдар қолданып келеді. Ол туралы ескертулер біздің заманымызға дейінгі 2838 жылы басқарған Шэн Нунг императоры заманындағы кітаптарда бар1. Сол кезде соя бұршақтары жер жүзінде оларсыз өмір мүмкін болмайтын бес «киелі дәндердің» бірі болып саналған.

Бүгінгі таңда 800-ге жуык соя бұршақтарының түрі белгілі. Олардың құрамында 35-40% ақуыз, 20-30% көмірсу, 5-10% ілеспелі заттар (дәрумендер, тритерпеноидты сапониндер, флавоноидтер мен т.б.), сонымен қатар 12-18% майлар бар. Бұршақтар құрамына кіретін майлар 90-95% май қышқылдарының, дәлірек айтқанда олеин мен линол, глицеридтерінен тұрады. Шикі майды өңдеу үдерісі кезінде 30-45% соя лецитині (фосфатидилхолин) алынады. Ал ол гепатопротекторлы әсерді көрсететін дәрілік заттарды жасау үшін фармацевтикалық өнеркәсіпте қолданатын «мақсатты өнім» болып табылады.

Фосфатидилхолиндер әрекет кезінде

Соя бұршағынан алынатын фосфатидилхолиндер гидрофильді «бастиек» пен гидрофобты «құйрықтан» тұратын, биологиялық мембраналардың негізгі құрылымдық компонент болып табылатын өзіне тән липидті қос қабат болып есептеледі. Эссенциальді фосфолипидтер эндогенді, яғни, жасуша мембранасына кіріп, бір себептер бойынша зақымдалған ағзаның «жеке» фосфолипидтерді жеңіл алмастырады. Бұл кезде ЭФЛ ағзаға пероральді түрде де, дәрілік түрде де (капсулалар), тазартудың жоғары деңгейлі инъекциялық ерітіндісімен көктамыр арқылы да ене алады4.

Демекші, «эссенциальді фосфолипидтер» атауы тек 75% кем емес фосфатидилхилині бар дәрілік заттар үшін ғана тіркелген.

Жарғақшаны қорғауға шығу!

Эссенциальді фосфолипидтердің гепатоциттердің зақымдалған мембраналарына сіңуі қалыпты мембраналық құрылымдардың қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде кешенді терапиялық әсерге әкеледі. ЭФЛ қандай әрекет етеді? Ең алдымен, олар бауыр жасушаларына қатысты протективті (қорғаныштық) және регенеративті қасиеттерін көрсетеді1. Бұл ретте бауырдың зақымдануы әртүрлі факторлардан туындауы мүмкін, олардың ішінде уытты, қабыну, аллергиялық, алмасу және иммунологиялық реакциялар1.

ЭФЛ онкологиялық ауруларды, иондаушы сәулелерді және т. б. емдеу үшін қолданылатын әртүрлі химиялық заттардың, алкогольдің, есірткі препараттарының, цитостатиктердің әсерімен байланысты зақымданулар кезінде гепатоциттерді қорғайтыны дәлелденген1.

Емдеуден гөрі алдын-алу жеңілдірек. Дәрі туралы

ЭФЛ және көп қанықпаған май қышқылдары

ЭФЛ әсер ету механизмі омега 3,6- көп қанықпаған май қышқылдарының (КҚМҚ) әсерімен ұқсас, өйткені біріншісі екіншінің табиғи өмір сүруінің нысаны болып табылады. Омега 3, 6- КҚМҚ -бірқатар аурулар, оның ішінде жүрек-қан тамырлары және диабет қаупін төмендететін эссенциальді майлар. Олар ағзада синтезделмейді және ағзаға күн сайын 2 г омега-3 және 6 грамм омега-6 КҚМҚ жетіп тұруы тиіс. Алайда, бұл қышқылдар көп мөлшерде бар балықтың қызыл сорттары, жаңғақ, өсімдік майлары, соя бұршақтары жоғары калориялы, бұл оларды пайдалануды шектейді5.

ЭФЛ бар препараттар рационның калориялығын ұлғайтпай, көп қанықпаған май қышқылдарының диеталық жетіспеушілігін толтыру үшін кеңінен қолданылады6. Ал олар май алмасуының бұзылуымен байланысты ауруларда қандай маңызды рөл атқарады!

Холестерин — тоқта!

Эссенциальді фосфолипидтер плазма мен тіндерде холестеринді тасымалдауға, сондай-ақ тығыздығы жоғары және төмен липопротеиндердің түзілуінде қатысады (ТЖЛП және ТТЛП) [7]. Естеріңізге сала кетейік, ТТЛП және триглицеридтер деңгейінің жоғарылауымен және ТЖЛП құрамының төмендеуімен ең қауіпті аурулардың бірі — атеросклероз байланысты.

ЭФЛ зат алмасудың барлық кезеңдерінде холестериннің жүйелі мобилизациясын және оның кәдеге жаратылуын бірқатар үдерістер есебінен қамтамасыз етеді, соның ішінде:

  • – ТТЛП синтезін арттыру және қан плазмасынан холестеринді мобилизациялау
  • – Гепатоциттермен ТТЛП басып алуды қамтамасыз етеді
  • – Холестерин, фосфолипидтер мен майлардың өтке секрециясының артуы, тиісінше, олардың бауырда жиналуын төмендетеді8.

Өт құрамына өт қышқылдары ( шамамен 70%) және ЭФЛ (фосфатидилхолин, өттің 22% құрайды) кіреді9. Сау адамдарда ЭФЛ холестериннің ерігіштігін қамтамасыз етеді. Егер өт қышқылдары мен ЭФЛ қатынасы бұзылса, холестерин кристалдары тұнбаға түсуі мүмкін, соның салдарынан өт-тас ауруы (ӨТА) дамиды.

Өт қабындағы тастар: емдеуге қарағанда алдын алу оңай

90% - ға дейін өт тастары кем дегенде 70% холестериннен тұратын холестериндік болып табылады10. Тас түзілуіне әкелетін өт холестериннің шығарындысының артуы үйлестірілмеген рацион және оның мал майларымен қанығуы салдарынан болуы мүмкін. ӨТА қауіпінің маңызды факторы - ағзаның созылмалы улануына және соның салдарынан уытты заттарды байланыстыру үшін қажетті антиоксиданттар мен ЭФЛ қажеттілігінің артуына әкелетін экологиялық ластану. Егер ЭФЛ және антиоксиданттар қоры толықтырылмаса, жасушалық жарғақшалардың қызметі бұзылып, тас түзілу үдерісін бастай, ағза жасушалық қабырға құрылымын сақтау үшін холестерин жинай бастайды11,12.

ӨТА жоғары тәуекел тобына алкогольді шамадан тыс қолданатын адамдар жатады. Уыттармен немесе алкогольмен жоғары салмақты бастан кешетіндерге ЭФЛ дәрілік заттарын профилактикалық тағайындау фосфолипидтердің жетіспеушілігін өтейді және тас түзілуіне кедергі келтіреді12.

Бауырдың алкогольді емес майлы ауруы

ЭФЛ маңызды әсері липидтердің алмасуын жақсарту қабілеттілігінің арқасында қол жеткізіледі. Ол ағзада майдың артық жиналуы салдарынан пайда болатын бауырдың алкогольді емес майлы ауруын (БАЕМА) емдеуде аса маңызды. Бұл аурудың таралуы үнемі өсуде, оның ішінде әсіресе қалаларда тұратын балалар мен жасөспірімдердің де бар. [6]. РФ-да жалпы тәжірибелік емделушілерінде ғана БАЕМА таралуы 27%-ға жетеді6!

Ауру аясында патологиялық бұзылулар кешені дамиды, олардың арасында тіндердің инсулинге сезімталдығының төмендету, қандағы инсулин құрамының артуы. Висцеральді майдың салмағы артады, бұл семіздік пен артериялық гипертензияға әкеледі. Науқастарда 2-типті қант диабеті және гиперлипидемия-қандағы холестерин мен үшглицеридтер деңгейінің жоғарылауы - жиі дамиды. БАЕМА зардап шегетін адамдар рационның калориялығын бақылап, транс-майлардың, холестериннің түсуін азайтып, көп қанықпаған липидтердің (тәулігіне 10 грамнан артық7) тұтынылуын арттыруы тиіс. Құрамында КҚМҚ бар өнімдердің жоғары калориялығына байланысты ЭФЛ препараттары айрықша маңызға ие болады.

БАЕМА кезіндегі фосфолипидтер

БАЕМА бар науқастарда байқалатын гепатоциттердің майлы инфильтрациясы кезінде, эссенциальді фосфолипидтері бар препараттар май қышқылдарының артуымен шартталған жасуша митохондриясының күйзелісін азайтуға, ісіп қызару процесінің айқындалуын төмендету мен дислипидемияны түзету есебінен май алмасуды қалыптандыруға мүмкіндік туғызады14. Осы препараттарды жазып беру қанның липидті құрамын, майлардың асқынтотығу көрсеткішін жақсартуға, антиоксидантты қорғау жүйесін жалпы қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады6.

БАЕМА кезіндегі эссенциальді фосфолипидтер бауырдың майлы инфильтрациясының ағымы мен болжамын жақсартып, тіндердің инсулинге сезімталдығын арттырады, липидті бейінді қалыптандырып (яғни, холестерин мен триглицеридтердің «жаман» деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді), асқорытудың бұзылу симптомдарының айқындығын азайтады.

Алкогольмен сынау

Эссенциальді фосфолипидтерді жазып беруге тағы да маңызды көрсеткіш бауырдың алкогольді ауруы (БАА). Ауру дамуының жоғары тәуекеліне күніне 40-80 мл таза этанолды 4-6 жыл бойы қабылдайтын адамдар тап болады15. Алкоголь бірте бірте ішкі мүшелердiң майлы азғындауын шақыратын «жеңіл» көмірсулы калорияларға бай. Одан басқа, ол мүше қан айналымының бұзылуының дамуына мүмкіндік туғызады. Оксидативті күйзеліс аясындағы созылмалы алкогольді интоксикация кезінде созылмалы ісіп қызару процесі мен бауыр фиброзы дамиды. Соңғының даму механизмі көп жағдайда жұлдызша жасушаларының белсендірілуімен шартталған. Қалыпты жағдайда ол тыныштық күйінде болады, ал гепатоциттердің зақымдауы кезінде «оянып», қабыну жерінде қарқынды бөлісуге қабілетті болады16. Нәтижесінде бауыр тіні жайылып өсіп, келешекте бұл үдеріс циррозбен аяқталады.

Бауырдың алкогольді зақымы кезінде ЭФЛ әсері

Бауырдың алкогольді зақымы кезінде эссенциальді фосфолипидтерді тағайындау алкогольдің жоғары дозасының енуі кезінде пайда болып, оксидативті күйзеліс тетігін «қосатын» алкогольдің белсенді формасын байлауға мүмкіндік туғызады. Жоғары био қол жетімділік пен гепатоциттердің жасушалы мембранасына ену мүмкіндігі арқасында ЭФЛ бос радикалдарды жоюға мүмкіндік туғызады және жасуша қабырғасының құраламын қайта орнына келтіреді. Одан басқа, ЭФЛ бауырдың жұлдызша жасушаларының белсенділігін басып, фиброз дамуының патологиялық үдерісін тоқтата антифибротикалық ықпалын тигізеді17.

ЭФЛ қабынуға қарсы, антифибротикалық ықпалын тигізетін, сонымен қатар бауыр жасушаларының өлімін алдын алатын әмбебап дәрілік зат деп атауға болады18. Осы мүмкіндіктер созылмалы гепатиттер, цирроз, бауырдың майлы дистрофиясы, алкогольді гепатит және бауырдың басқа зақымдары кезінде тиімділікті қамтамасыз етеді.

Дереккөздер
  1. Treatment of liver diseases // Hepatology Textbook and Atlas. Berlin, Heidelberg: Springer Berlin Heidelberg, 2008. P. 871–922.
  2. Гундерманн К.-Й. Эссенциальді фосфолипидтердің әсер ету механизмдері мен клиникалық тиімділігі туралы жаңа деректер // Гастроэнтерологияның, гепатологияның клиникалық перспективалары. 2002. Vol. 2. P. 21–24.
  3. Эссенциале Форте Н. Дәрілік затты медициналық қолдану үшін қолдану жөніндегі Нұсқаулық
  4. Гуревич К.Г. Қандай фосфолипидтер “эссенциалтді”? // Клиникалық фармакокинетика. 2004. № 1. P. 52–57.
  5. Доброва Е.В. Өнімдер құндылығының қазіргі заман кестесі. РИПОЛ. 2008.
  6. Вовк Е.. Терапевттің емдеу тәжірибесінде бауырдың алкогольді емес майлы ауруын емдеу:не?қайда?қашан? // РМЖ. 2011. Vol. 19, № 15. P. 914–922.
  7. Eckard C. et al. Prospective histopathologic evaluation of lifestyle modification in nonalcoholic fatty liver disease: a randomized trial // Therap. Adv. Gastroenterol. SAGE PublicationsSage UK: London, England, 2013. Vol. 6, № 4. P. 249–259.
  8. Mastellone I. et al. Dietary soybean phosphatidylcholines lower lipidemia: mechanisms at the levels of intestine, endothelial cell, and hepato-biliary axis. // J. Nutr. Biochem. 2000. Vol. 11, № 9. P. 461–466.
  9. Вовк Е. XXI ғасырдағы өт-тас аурулары: жаңа не бар? // Емдеуші дәрігер. 2011.
  10. Ильченко А. Холецистолитиаздың тиімді алдын алуы мүмкін бе? // РМИ. 2010. Vol. 18, № 18.
  11. Самедов Б., Латышева А., Самедов В. Билиарлы сладж: Біз әрдайым өт-тас ауруларының қалыптасу мен шырқауында оны адекватты бағалаймыз ба? // Гастроэнтерология. 2012.
  12. Вовк Е. XXI ғасырдағы өт-тас аурулары: емдеу немесе алдын алу? // Cons. medicum. 2010.
  13. Cazanave S.C., Gores G.J. Mechanisms and clinical implications of hepatocyte lipoapoptosis // Clin. Lipidol. Future Medicine Ltd London, UK , 2010. Vol. 5, № 1. P. 71–85.
  14. Estadella D. et al. Lipotoxicity: effects of dietary saturated and transfatty acids. // Mediators Inflamm. Hindawi Publishing Corporation, 2013. Vol. 2013. P. 137579.
  15. Никитин И.Г. et al. Бауырдың алкогольді ауруы // Емдік іс. 2006. № 3. P. 13–17.
  16. Павлов Ч.С. et al. Бауыр фиброзынының патогенезі, диагностикасы мен емдеуі туралы қазіргі замандағы түсінік // РЖГГК. 2005. № 2. P. 13–20.
  17. Ikeda R. et al. Reactive oxygen species and NADPH oxidase 4 induced by transforming growth factor β1 are the therapeutic targets of polyenylphosphatidylcholine in the suppression of human hepatic stellate cell activation // Inflamm. Res. SP Birkhäuser Verlag Basel, 2011. Vol. 60, № 6. P. 597–604.
  18. Okiyama W. et al. Polyenephosphatidylcholine prevents alcoholic liver disease in PPARalpha-null mice through attenuation of increases in oxidative stress. // J. Hepatol. NIH Public Access, 2009. Vol. 50, № 6. P. 1236–1246.

SAKZ.PCH.18.09.0903a