Гепатопротекторлар

Препараттардың топтастырылуы Эссенциалдық фосфолипидтер Қорытындылар

Гепатопротекторлар — бауыр жасушаларының бұзылуына тосқауыл болып, олардың регенерациясын ынталандыратын дәрілік препараттар тобы1. Гепатопротекторлар әрекеті бауыр гомеостазын қалпынакелтіруге, оның патогенді факторлардың әрекетіне төзімділігін арттыруға, қызмет белсенділігін қалыптандыру мен бауырда регенерация үдерісін ынталандыруға бағытталған. Гепатопротекторлар тобы әртекті және зат алмасу үдерісіне жан-жаққа таралған әсері бар түрлі химиялық топ заттарын қосады2.

Клиникалық тәжірибеде гепатопротекторларды көбінесе көптеген ауруларды, соның ішінде жанамалас патологиялар кезінде кешенді емдеу құрамында қолданады.

  • – Бауыр аурулары, соның ішінде жұқпалы, уытты текті.
  • – Қосалқы бауыр патологиясы бар немесе жоқ ішкі мүшелердiң аурулары.
  • – Бауырға уытты әсер ететін дәрілік заттарды қолданумен басқа ауруларды емдеу кезінде дәрі-дәрмектік бүркемелеу құралы ретінде. Бұл антибиотиктер, статиндер, қатерлі ісікке қарсы заттар болуы мүмкін.4

Гепатопротекторлар сай болатын талаптар айқын. Олардың арасында келесілерді атап өту керек:

  1. Жеткілікті сіңіру: қабылданған доза максималды толық әрекет көрсетуі қажет.
  2. Бауырға тура емдік әсер
  3. Зиян келтіретін факторларға әсер.
  4. Дәрілік заттардың қабынуға қарсы қасиеті.
  5. Бауырдың зақымданған жасушаларын қайта қалпына келтіру процесін тұрақтандыру қабілеті.
  6. ПФиброгенез белсенділігін тоқтату немесе төмендету5.
  7. Дәрілік препараттың төмен уыттылығы.7, 8

Нақты клиникалық жағдайда аурудың нозологиясы, ағымы немесе бір бірімен патогенетикалық механизммен байланысты бірнеше созылмалы аурулары, сонымен қатар ем жоспарына қарай талаптар бойынша ең жарамды дәрілік затты таңдау қажет.8

Препараттардың топтастырылуы

стадии болезни печени

Қазіргі таңда бар осы топтағы препараттардың топтастырылуы тәжірибелік қолдану үшін біршама қиын. Алайда олар нақты клиникалық жағдайға оңтайлы дәрілік зат, оның дозалануы мен қабылдау ұзақтығын таңдау үшін толық жеткілікті және кең болып табылады. Таңдау, сөзсіз, дәрігер қолында және нақты клиникалық тәжірибені талап етеді.

Таңдаудың нақты бір қиындығын осындай дәрілік заттардың едәуір кең молдығы тудырады. Ол дәрілік заттардың әр қайсысында түрлі әрекет механизмі, және, сәйкесінше, көрсетілімдері мен тиімділігі бар. Бірақ сондай алуандылыққа қарамастан, емдеу кезінде бірнеше маңызды әрекет механизмі мен дәрілік заттардан күтілетін клиникалық әсерлерді атап өтуге болады.

  1. Детоксикациялық жүйе бөлігі ретінде бауыр жұмысын қолдау. Гепатопротекторлар бұл жағдайда антиоксидантты фармакологиялық әсер, сонымен қатар бауыр жасушаларын өлімнен қорғау әсерін көрсетулері қажет.
  2. Бауырдағы өттің синтезі мен тасымалына әсері. Фармакологиялық әсер ретінде өтке байланысты жүйенің қалпына келуі (немесе жеткілікті қолдау), ал клиникалы – бауыр ішілік холестазды болдырмау немесе емдеу, өттің пайда болуы мен жалпы бөліну үдерісін қалыптандыру күтіледі.
  3. Гепатоциттер қызметін қолдаумен жасушалы жаңаруды реттеу, олардың қызметін қалпында сақтап, бауырға патологиялық апоптоз триггерінің әсерін азайту.
  4. Гепатоциттер қызмет белсенділігін сақтаумен және стеатоз даму тәуекелінің факторларын азайтумен липидті алмасуды түзету.
  5. Бауырға иммунтүрлендіруші және қабынуға қарсы әрекеті.
  6. Бауырдың қызмет жүйесіне антитоксиндік клиникалық әсермен уытты заттардың әсерін азайту.7, 8

Клиникалық тәжірибеде гепатопротекторлар химиялық құрылым мен шығу тегіне қарай топтарға бөленген3:

  • – өсімдік препараттар;
  • – жануарлардан алынатын препараттар;
  • – эссенциальді фосфолипидтер ;
  • – өт қышқылдарының препараттары;
  • – аминқышқылдар мен олардың туындылары (адеметионин);
  • – дәрумендер, антиоксиданттар мен дәрумендер тәрізді препараттар;
  • – бауыр мен оның жасушаларына қорғану әсерін тигізетін өзгелер.

Өсімдік текті гепатопротекторлар негізінде алатікен ұрығынан силимарин негізіндегі дәрілік заттар түрінде берілген. Осы топтың гепатопротекторлардың әрекет механизмі майлардың асқынтотығуын басумен байланысты, осының салдарынан жасуша мембраналарының зақымдануына жол берілмейді. Одан басқа, силимарин жасушаға кейбір бауырға уытты заттардың, атап айтқанда сасық саңырауқұлақ улары – фаллоидин мен аманитиннің енуіне тосқауыл болады. Алайда, қолжетімді кәсіби әдебиетте сасық саңырауқұлақпен шақырылған жіті уытты гепатиті бар емделушілердің өміршеңдігінің анық артуын көрсететін сендірерлік деректер жоқ3.

Жануарлардан алынған гепатопротекторлар цианокобаламин, амин қышқылдары, төмен молекулалы алмасу өнімі, және мүмкін, бауыр өсу факторларының фрагменті бар ірі қара мал бауырының сығындысының гидролизаты болып саналады. Жоғары аллергенді әлеуеті себебінен, препаратқа сезімталдығын анықтау жүргізу міндетті болып табылады. Одан басқа, ірі қара мал бауырының гидролизатын қолдану емделушінің кемікті ми дерттері (Крейтцфельд-Якоб ауруы) секілді сондай жазмыш нейродегенеративті ауруды шақыратын прионды жұқпаларды жұқтыру ықтималдығы тез артады.

Эссенциалдық фосфолипидтер

Эссенциалдық фосфолипидтер (ЭФЛ) – бауыр жасушалары үшін «құрылыс» материалы болып табылатын гепатоциттер (бауыр жасушалары) мембраналарының негізгі құраушылары. Эссенциалдық фосфолипидтерді гепатопротекторлы препараттар құрамында қолданудың көпжылдық тарихы бар. Негізгі белсенді заттар ретінде соя бұршағынан бөлінетін фосфолипидтер қоспасы шығады. Сондай эссенциалдық фосфолипидтердің негізгі компоненттері болып фосфатидилхолин болып табылады, ол бауыр жасушасы мембраналарының құрылымының қайта қалпына келуіне мүмкіндік береді, мембраналардың қалыпты аққыштығы мен регенерациясын сақтап, антиоксидант ретінде әрекет етеді, бауырда дәнекер тіннің синтезін орындайды. Эссенциалдық фосфолипидтер биохимиялық көрсеткіштерді, науқастың жалпы көңіл-күйін жақсартады, ауырлық, оң қабырға астындағы жайсыздық, тәбеттің төмендеуі секілді сондай симптомдарын жақсартады. Препараттар бауырдың қорғау және тасымалдау функциясын жақсартып, оның жасушаларына тотықтандыратын күйзеліске қарсы тұруға көмек береді (эксперименттік зерттеулермен дәлелденген)6. ЭФЛ препараттары тиімділік пен қауіпсіздіктің сәтті үйлесуінің мысалы ретінде өзін көрсетті. Сонымен қатар, осы препараттардың шикізаты мен шығару жері де маңызды екенін айта кеткен дұрыс. Әлбетте, Германия немесе Үндістанда өндіріс сапасына қатынас әр түрлі.

Өт қышқылдарының препараттары. Осы топқа кең спектрлі терапевтикалық әрекеті бар белсенді зат – урсодезоксихол (УДХҚ) мен хенодезоксихол қышқылдары бар препараттар жатады. Олар, мысалға, жарғақшалардың ішіне еніп, бауыр жасушасының құрылымын тұрақтандырып, өт қышқылдары тұздарының зақымдайтын әрекетінен қорғайды (гепатопротекторлы әсер). Бұдан басқа, бұндай заттар ішектегі липофильді ӨҚ сіңіруін бәсекелі төмендетеді; нәтижесінде олардың энтерогепатикалық айналыс кезінде «фракциялық» айналымы артады, холераз бен уытты ӨҚ ішек арқылы шығуы күшейеді.7, 8

Басқа гепатопротекторлар. Олардың ішінде құрамына S-аденозил L-метионин кіретін препараттар бөлінеді. Адеметионинді қабылдаған кезде бауыр жасушаларынан бос радикалдар мен басқа уытты алмасу өнімдердің жойылуы артады. Осы топты препараттар антинейроуытты және антидепрессиялық әрекеттері бар.

Бөлек топқа уытсыздандыру әрекеті мен бауырдың кейбір қызметтеріне оң әсерін көрсететін препараттар шығарылған. Қасиеттерінің арқасында, оларды шартты түрде гепатопротекторлар деп санауға болады. Осы топтағы гепатопротекторлардың негізгі әрекет ету механизмі келесілермен байланысты:

  • – аммиак пен басқа эндогендік уыттардың зат алмасуының тездеуі сияқты тікелей уытсыздандырғыш әрекетпен. Бұл ретте осы топқа жататын препараттардың бауырға гепатопротекторлы әсері үлкен емес;
  • – айырбас пен зат алмасу үдерісіне әсер етуді тұспалдайтын тікелей емес уытсыздандырғыш әрекетпен, бұның нәтижесінде уытты заттардың ыдырауы жылдамдатылады немесе уытсыздандыратын ферменттердің пайда болуы белсендіріледі.

Көптеген клиникалық зерттеулер гепатопротекторлар секілді уытсыздандырушы заттарды қолдану бауырдың дәрілік зақымдануын емдеуде, уытты және алкогольді цирроз кезінде компоненттердің бірі ретінде нақты тәжірибелік қызығушылықты білдіруі мүмкіндігін көрсетті.8

Осы бағыттағы жұмыстар, соның ішінде бауыр мен өтке байланысты жүйенің ауруларын емдеуде уытсыздандыратын гепатопротекторларды қолдану туралы клиникалық тәжірибе бойынша жұмыстаржалғасып жатыр. Бар деректер бойынша, осы гепатопротекторлар бауырдың алкогольді және басқа уытты зақымдануы кезінде қолдану ең тиімді.7

Емдеуден гөрі алдын-алу жеңілдірек. Дәрі туралы

Қорытындылар

Гепатопротекторлар – әрекет механизмі мен клиникалық әсерлері бойынша ажыратылатын, түрлі құрамды, белсенді құрамдастардан тұратын заттар. Олар тек көрсетіліміне ғана қарай емес, бауыр ауруларының ағымы ерекшеліктеріне де қарай саралана қолданылуы тиіс. Препараттарды таңдау дәлелдік база, клиникалық зерттеулер мен дәрігер тәжірибесіне негізделе жасалуы тиіс. Қауіпті жағымсыз әсерлер себебінен дәрігер көрсетілімінсіз қолдануға болмайтын гепатопротекторлар (Адеметионин, УДХҚ) қатары бар. Әмбебап гепатопротекторлар жоқ екенін ескеру қажет, әр клиникалық жағдай нақты әрекет механизмін, фармакологиялық және клиникалық әсерлер жинағын талап етеді. Сондықтан емдеу үшін ауруға толық жауап беретін препараттарды таңдау маңызды.

Зерттеулер елеулі қаражаттарды талап ететіндіктен, түпнұсқалық гепатопротекторларды қолдану туралы кеңестер тәжірибелік көзқараспен дәлелденген. Түпнұсқалық препараттарды фармакологиялық және терапевтикалық тиімділігі туралы дәлелдік база дженериктерге қарағанда көлемді.7, 8

Дереккөздер:
  1. Гастроэнтерология. Ұлттық нұсқаулық: қысқаша басылым / В.Т. Ивашкин, Т.Л. Лапина редакциясымен. — М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011. — 480 б.
  2. Терапевтикалық фармакология: Студенттер мен дәрігерлерге арналған практикалық оқу құралы / [Абдуева ф.М., Бычкова О.Ю., Бондаренко И.А. мен басқалар] Н.И. Яблучанский мен В.Н. Савченконың жалпы редакциясында. — Х.: В.Н. Каразин атындағы ХҰУ, 2011. — 478 б.
  3. Никитин И. Г. Гепатопротектортар: мифтер мен нақты мүмкіндіктер //Фарматека. — 2007. — Т. 13. — №. 14—18.
  4. Бычкова О. Ю. мен басқалар. ГЕПАТОТРОП ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯСЫ. В.Н. Каразин атындағы ХҰУ Хабаршысы. «Медицина» Сериясы — 2011.—№22 (975)
  5. Ягудина Р. И., Аринина Е. Е. Бауырдың алкогольді ауруы мен оның фармакотерапиясы //Ресей дәріханалары. — 2009. — №. 23—24.
  6. Gundermann KJ, Kuenker A, Kuntz E, Drozdzik M.Activity of essential phospholipids (EPL) from soybean in liver diseases. Pharmacol Rep 2011; 63; 643—659.
  7. Новиков В. Е., Климкина Е. И. Гепатопротекторлердің фармакологиясы // Клин.фармакол.дәр.емдеу.шолу.— 2015. — Т.4, №1. — б. 2 — 20.
  8. Мехтиев С. Н., Оковитый С. В., Мехтиева О. А. Терапевттің гепатопротекторларды таңдауында қағидасы // Емдеуші дәрігер. — 2016. — № 8. — б. 44 — 53.

SAKZ.PCH.18.09.0899a