Сіздің бауырыңызға деген үш еселік қамқорлық

Эссенциале® форте Н

Бауыр клеткаларын қалпына келтіруге, әл-ауқаттылықты жақсартуға және шаршау, тәбеттің төменднуі және оң қабырға астындағы ауырлық сияқты симптомдармен күресуге көмектесетін, эссенциаліді фосфолипидке негізделген дәрілік препарат.

Толық нұсқаулық

Капсуланың ішінде не бар

Эссенциале® форте Н құрамында паста тәрізді сары-қоңыр түсті майлы масса бар қоңыр түсті қатты, мөлдір емес желатинді капсулалар түрінде шығарылады.

Паста тәрізді масса физикалық түрде капсуладан шыға алмайды және капсуланы ашқан кезде және оның ұзын корпусына басқанда көрінеді.

Эссенциальді фосфолипидтер

Эссенциальді фосфолипидтер бауыр жасушаларының бүлінген мембраналарына енгізіліп, метаболизм процесстерін регенерациялауға және қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Белсенді зат – 300 мг cоя бұршақтарынан алынған эссенциальді фосфолипидтер құрамында 76% холин бар

Эссенциале® форте Н препаратына ңұсқаулық

Препаратты қабылдаудың ұсынылған курсы

Теңгерімді тамақтану — бауыр ауруларының ерте алдын-алуының құрамдас бөліктерінің бірі.

Тамақтану кезінде екі капсуладан

Бауырдың қалпына келуін жылдамдатуға көмектеседі!

Қолданылуы

Тәбет болмауымен, оң жақ қабырға астынан ауырлықты сезінумен қатар жүретін

  • бауыр стеатозында (бауырдың майлы дистрофиясында)
  • бауырдың уытты зақымдануында
  • жедел гепатитте
  • созылмалы гепатитте
  • бауырдың алкогольдік ауруында
  • бауырдың дәрілік зақымдануында
  • теңгерімсіз тамақтануда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан (дене салмағы
43 кг-ден асқан) балаларға 2 капсуладан күніне 3 рет

Жағымсыз әсерлері

Асқазанның ауыруы, нәжістің сәл жұмсаруы, диарея, бөртпе және есекжем түріндегі аллергиялық реакциялар, қышыну.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Құрамында соя бар препараттарға және/немесе препараттың кез келген компонентіне белгілі аса жоғары сезімталдығы бар науқастар

Айрықша ңусқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі.

Соя бұршақтарынан жасалған препараттар тағамға қолданылады, және жүктілік кезеңінде оларды қабылдағаннан ешқандай қауып анықталмаған. Зерттеудің ерекше нәтижелері жоқ. Сол себепті Эссенциале® форте Н жүктілік және емшек емізу кезінде қолдануға ұсынылмайды.

Педиатрияда қолдану

Эссенциале® форте Н-ге арнайы зерттеулер жүргізілмегендіктен, бұл препаратты 12 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

А. Наттерманн және Сие. ГмбХ, Германия

Толық нұсқаулық

Қолданар алдында медициналық қолдану
жөніндегі толық нұсқаулықпен танысыңыз.

Бұл беттегі ақпарат Санофи-дің жарнамасы немесе ұсынысы болып табылмайды. Жоғарыда аталған интернет-дәріханалар тізімі толық болып табылмайды және тек ақпараттық мақсаттарға арналған. Санофи оны жаңартуға жауапты емес. Тізбесінде көрсетілген интернет-дәріханалар Санофи-ге қатысы жоқ.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Санофи-авентис Казахстан» ЖШС Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Н.Назарбаев д-лы, 187 «Б» телефон: +7 (727) 244-50-96 факс: +7 (727) 258-25-96
e-mail: Kazakhstan.Pharmacovigilance@sanofi.com, quality.info@sanofi.com.
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз. ҚР-ДЗ-5№016211, 27.03.2015 ж. 27.03.2020 ж. дейін