Бауырдың алкогольді ауруы

Алкоголь бауырға қалай зиян келтіреді? Белгілері мен шағымдар БАА сатылары

ДДСҰ алкогольдің қауіпсіз дозасы жоқ деп санайды. Этил спирті көптеген биохимиялық тізбекке жойқын әсер етеді, бұл дәлелденген канцероген, нейроуытты және гепатоуыттыу. Оның тұрақты пайдаланылуы, тіпті аз мөлшерде де, мүше өз қызметтерін жоғалтқан кезде, ал кейде қайтарымсыз түрде, алкогольдік бауыр ауруларына (БАА) әкелуі мүмкін.

Алкоголь бауырға қалай зиян келтіреді?

изображение водки

Күнделікті 50 г коньяк инфарктіден сақтай алмайды, ал гепатоциттердің патологиялық қайта пайда болуына және нәтижесінде БАА және цирроз әкеледі. Спирттік бекініс патологияның тәуекелдері мен даму мерзімдеріне байланысты.Ішімдіктің күштілігі патологияның даму тәуекелі мен мерзімімен арақатынас орнатады.Қандай да бір уақыттан кейін функциялық тіндерді майлы құрылымға ауыстыру басталады, одан әрі дәнекер тіндердің саны артады – фиброз таралады, ал бұның терминалды сатысы цирроз болады, бірақ бұған дейін адам едәуір азап шегеді.Бауыр тек өтті өндіріп қана қоймай, көмірсулар, гормондардың алмасуына қатысады, барлық эндогендік уларды пайдаланады,оның 500-ден аса қызметі бар және майлы ауру жағдайында олардың бәрі бұзылады.

Емдеуден гөрі алдын-алу жеңілдірек. Дәрі туралы

Белгілері мен шағымдар

больная печень

Бауыр өте төзімді және сонымен қатартыныш мүше. Ол ауру бола тұра, әбден төзгісіз болғанға дейін жұмысын жалғастырады. Сондықтан емделушіні алкогольдің кішкентай дозасы да зиян екеніне сендіру қиын. Адам ұзақ уақыт бойы ішімдікпен әуестеніп, майлы деликатестермен жүрек жалғап, аз қимылдап жүре береді,бірақ бір күні бәрі өзгереді. Қалыпты жағдайда адамдар ішкі сезбеуі тиіс, әсіресе оң қабырға астындағы. Бірақ алкогольге әуестік жағдайындағы майлы гепатоз ерте ме, кеш пе өзі туралы ескертеді:

  • — оң жақтағы ауырлылықпен
  • — ауырсынумен
  • — күйік дәмімен
  • — сарғаюмен

Егер Сіз осындай симптомдарды сезетін болсаңыз, ұзартпай, дәрігер кеңесіне жүгініңіз. Сізде зақым бар ма және бар болса қаншалықты көлемді екенін анықтай алатын тексеру спектрлерінен өтуді тағайындайды.

БАА сатылары

стадии болезни печени

Зақымдалған бауырдың өтетін бірнеше кезең бар:

  • – гепатоз
  • – фиброз
  • – цирроз

Айқындалмаған гепатоз оның асқындырылған деңгейлерімен салыстырғанда қайтымды. Көмекке бірінші кезекте алкогольден бас тарту келеді. Сонымен қатар диета сақтау, белсенді өмір салтын жүргізу қажет, кейбір жағдайларда дәрігер гепатопротекторлы дәрілік заттарды тағайындап беруі мүмкін. Жүйелілік пен нұсқамаларды ұстану- алкогольді гепатозды емдеудегі жетістік болып табылады. Ал ауыр фибротикалық және цирротикалық өзгерістерді кейін қайтару мүмкін емес. Мүше тек әлі де атқара алатын қалған қызметтерін қолдау ғана қалады.

Фиброз

Егер ештеңенің алдын алмаса, гепатоз бірте-бірте фиброзға айналады. Бұл дәнекер тінді жасау түріндегі қабынуға өзіндік «жауабы». Фиброзды тін қалыпты түрде қабыну ошағын шектеп, оны бейтараптандыруға арналған. Майлы гепатоз кезінде бауырда баяу қабыну процесстері ұдайы өтіп жатады, бірте-бірте дәнекер тіннің көлемі ұйғарынды мөлшерінен асып түседі. «Семіруден» азап шегіп жатқан мүше өзінің оңай емес жұмысын енді одан да қиын жағдайларда жасауы қажет болады. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, БАА кезіндегі фиброз қайтымды, бірақ әрқашан емес және олай жасау оңай емес. Фиброздың қалыптасу кезінде келтірілген зиян өте үлкен болып қалған және одан сау бауырмен шығу қиын. Фиброзды УДЗ-де анықтауға болады, бірақ мүшедегi өзгеру сатысын анықтау үшін емделушіні эластографияға жібереді. Бұл зерттеу УДЗ сияқты, бірақ нақты нәтиже береді және емделушіде фиброз немесе циррозға ауысумен ғана анықталады.

Цирроз

Фиброздың ақырғы сатысы цирроз – барлық ұлпа дәнекер, тығыз және функционалды емес тінге айналған кезде болады. Цирроз қайтымды емес, бұл жағдайдың емі, әдетте Мүшенiң жоғалтқан қызметінің орнын баса тұруда, әлі өзінің жұмысын жасайтын функционалды жасушалардың түйірін сақтаптұруда және келесідей қауіпті ажалды асқынуларды болдырмауда болады:

  • – өңештің варико
  • – кенеттен іш пердесінің қабынуы
  • – бауырлық кома
  • – қақпалық көктамырдың тромбозы
  • – гепатоцеллюлярлық карцинома – бауырдың қатерлі ісігі

Цирроз сонымен қатар эластография мен зертханалық тексеру деректерімен анықталады. Кейде нақты ағымдағы жағдай мен болжамды анықтау үшін биопсия көрсетіледі. Циррозды емдеп шығу мүмкін емес. Жалғыз түбегейлі шешім – мүшедi ауыстырып орналастыру, бірақ ол тек отаға дейінгі ұзақ уақытқа толық дәлелденген алкогольден тартыну мен отадан кейін этил спиртіне толық тиым салыну жағдайында ғана мүмкін. Ішімдікті қолдану немесе қолданбауды – әркім өзі үшін шешеді: керек пе, қандай мөлшерде және тағы басқалары, бірақ шыңырауға үңіле отырып, уақытында тоқтап қалу үшін, алкогольдің ағзаға қалай әсер ететінін білу қажет.

Дереккөздер
  1. http://www.euro.who.int/ru/health-topics/disease-prevention/alcohol-use/data-and-statistics/q-and-a-how-can-i-drink-alcohol-safely
  2. ересектерде бауыр циррозын емдеу туралы ҚР клиникалық хаттамалары https://diseases.medelement.com/disease/%D1%86%D0%B8%D1%80%D1%80%D0%BE%D0%B7-%D0%BF%D0%B5%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8-%D1%83-%D0%B2%D0%B7%D1%80%D0%BE%D1%81%D0%BB%D1%8B%D1%85/14252
  3. https://internist.ru/publications/detail/lechenie-i-kompleksnaya-reabilitaciya-bolnyh-s-alkogolnoy-boleznyu-pecheni.-ogurcov-p.p./?sphrase_id=186213
  4. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%82%D0%B5%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%B7_%D0%BF%D0%B5%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8
  5. http://www.krasotaimedicina.ru/diseases/zabolevanija_gastroenterologia/alcoholic-liver
  6. https://en.wikipedia.org/wiki/Alcoholic_liver_disease

Веб-сайттарға соңғы қолжетімділік күні – 06.09.2018.

SAKZ.PCH.18.09.0917