Бауыр циррозы

Цирроз деген не? Цирроз себебі Цирроз симптомдары

«Цирроз» сөзін естігенде, адамдардың көп бөлігі маскүнемдік туралы ойлайды. Олар дұрыс ойлайды, бірақ соңына дейін емес. Өйткені бауыр циррозы тек алкогольді шамадан тыс қабылдау нәтижесінен ғана болмайды. Дамыған елдерде ол ересек халық арасында өлім-жітімнің алты негізгі себептерінің қатарына кіреді1 және тенденция төмендемейді. Адамдар сезіктенбейтін осы аурудың көптеген себептері бар. Төменде айтып өтеміз: бауыр циррозын не туғызады және осы қатерден мүмкіндігінше қалай қорғануға болады.

Цирроз деген не?

Бауыр циррозы ешқашан кенеттен пайда болмайды. Бұл мүшенiң ұзақ уақыт бойы ауруының, тұрақты қабыну өзгерістері, қызмет тіндерінің дәнекер тінге айналуының соңғы кезеңі. Алдымен фиброз пайда болады, яғни ұзақ және кейде ағзаға білінбейтін аурудан кейін, бауыр өзінің қызметін орындауды тоқтатады, бауырда осыған қабілетті жасушалар қалмайды. Ауру жылдары гепатоциттердің геномын өзгертеді1 және олар тек өз функцияларын ғана емес, сонымен қатар бөлісу қабілетін де жоғалтады. Яғни, бауыр енді қайта қалпына келе алмайды, ол жай дәнекер тінді конгломератқа айналады. Бұл төмендегідей асқынуларға алып келеді:

  • – түйнеліп кеңейген өңеш тамырларынан қан кету
  • – асцит (құрсақ қуысында сұйықтықтың жиналуы)
  • – кенет іш пердесінің қабынуы
  • – бауыр комасы
  • – қан ұйығыштығының бұзылуы
  • – гепатоцеллюлярлық карцинома (бауыр обыры)және тағы басқалар

Соңында бауыр циррозына алып келетін көптеген себептер бар. Олар жиырмадан аса!2 Ал цирроздың жалғыз емі– симптоматикалық ем мен бауырды ауыстырып отырғызу.

Цирроз себебі

причины цирроза

Уытты заттар, жұқпалар, тұқым қуалаушылық аурулардың гендік механизмінің әсері есебінен ұзақ уақыт созылмалы қабыну өте қиын таусылмас биохимиялық реакциялардың басталуына алып келеді. Ол, өз қатарында, алғашқы қабынуды тоқтатуға бағытталған, бірақ соңында дәнекер тіннің пайда болуын күшейтеді. Дәнекер тін – бұл сау ағза мен зақымдалу ошағының арасындағы қорғаныш қабырғасы.

Шырғала шеңбер пайда болады. Егер фиброз кезеңінде осы тізбекті үзуге, фиброздың пайда болу үдерісін тоқтату мүмкін болса, цирроз пайда болғанда ол қайтымды емес. Цирротикалық өзгерістерге басқалардан жиі алып келетін бауыр тінінің зақымының негізгі себептері бар. Олар төмендегідей:

Алкоголь

Дәл алкогольді ұзақ уақыт бойы жүйелі қабылдау бауырдың өзгеруінің алғашқы себептері болып табылады. Түрлі деректер бойынша, этил спиртімен улану үлесіне 40%-дан 80%-ға дейін цирроз жағдайлары келеді1. Және, айтқандай, ДДСҰ ойынша қауіпсіз доза жоқ. Дегенмен сусындардың дозасы мен күштілігі, аурудың ауырлығы мен мерзімінің корреляциясы бар. Бауырдың салдарлық ауруларының бар болуы да цирроздың пайда болу мерзімін жылдамдатады. Қалай болсын, этил спиртіне тәуелді адам бауыры өзгерудің бірнеше сатысынан өтеді:

  • – бауырдың майлы дистрофиясы немесе жіті алкогольді гепатит
  • – фиброз
  • – цирроз

Алкогольден бас тартып, дер уақытында ем алған мүше қайта орнына келетіні туралы есте сақтаған маңызды. Жасушалардың қалпына келуі майлы дистрофия мен фиброздың алғашқы сатысында мүмкін. Сондықтан, алкогольден бас тарту мен дер кезіндегі ем патологияның дамуын тоқтатады.

Емдеуден гөрі алдын-алу жеңілдірек. Дәрі туралы

Жұқпалар

Бауыр циррозының дамуы үшін ең елеулі жұқпалар – вирусты гепатиттер. Ең алдымен: В мен С вирусты гепатиттері. А гепатиті немесе Боткин ауруы созылмалы түрге өтпейді, әйткенмен қауіпті болуы мүмкін, әсіресе балалар үшін, бірақ циррозға алып келмейді.

Ал В мен С гепатиттері созылады, вирустар ұзақ уақыт бойы гепатоциттерді симптомсыз құртуы мүмкін, және соңында адам цирроз алдындағы сатыда екенін кенет біледі.

В мен С гепатитін алдын алу шаралары:

  • – B гепатитінен вакциналау (С-ға вакцина жоқ)
  • – қорғалған жыныстық қатынастар
  • – маникюр, стоматологиялық бөлмелерде асептикалық және антисептикалық шараларды ұстану
  • – медициналық аспаптарды міндетті түрде залалсыздандыру.

Және жиі көктамыр ішілік немесе бұлшықетке инъекция жасаулары қажет адамдарға – тек бір реттік шприцтер, инелер мен тағы басқаларды қолдану.

Дәрі-дәрмектер

Қазір көптеген дәрі-дәрмектер дәріханада рецептісіз қолжетімді. Оның қауіптілігі, бірінші көзге қарапайым болып көрінетін дәрілік заттар, шөп дәрілер болсын, ББҚ-лар, дәрумендер бауырдың жіті немесе созылмалы зақымдануын туғызып3 және кейде циррозға алып келуі мүмкін. Сондықтан өздігінше емдеумен айналыспай, дәрігердің көрсетілімдерін ұстанып, және сізге дәрігер ұсынатын тәсілдерді өз бетімен ұғыну өте маңызды. Емделуші де білімді болуы тиіс.

Егер кейбір себептер бойынша уытты заттарды қолдану қажет болса, көмекке гепатопротекторлы дәрілік заттар келеді, олар бауырды жағымсыз әсерлерден қорғауға арналған. Гепатопротекторлардың түрлері туралы көрші мақалада айтып береміз.

Цирроз симптомдары

Симптомы цирроза

Кейде емделушіде цирроз дамып жатқанын немесе дамығанын келесідей симптомдар айтып бере алады:

  • – жоғары қан кету
  • – іште тамырлық суреттің күшеюі
  • – семіздік болмаса да іштің ұлғаюы
  • – аяқтағы ісіктер
  • – диспепсиялық бұзылулар (кебу, іш өту, іш қату, жүрек айну)
  • – оң қабырға астында ауырлық пен ауыру сезімі
  • – әлсіздік, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі

Егер осы симптомдардың бірнешеуі сізді мазаласа, дәрігерге көрініп, өзіңіздің қорқынышыңыз туралы айтыңыз. Мүмкін, Сізге билиарлы жүйені тексеру қажет.

Дереккөздер:
  1. ДДСҰ Disease and injury country estimates. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (2009). Тексерілді 11 қараша 2009. Мұрағаттандырылды 20 тамыз 2011 жыл. https://www.who.int/healthinfo/global_burden_disease/estimates_country/en/
  2. Бауыр цирроздары. Этиология, патогенез, клиника, диагностика, ем сұрақтары https://www.rmj.ru/articles_5381.htm
  3. Садовникова И. И. Бауыр цирроздары. Этиология, патогенез, клиника, диагностика, ем сұрақтары // РМЖ. — 2003. — Т. 5, № 2. https://www.rmj.ru/articles_5381.htm
  4. А. В. Яковенко, Э. П. Яковенко. Бауыр циррозы: емдеу сұрақтары // Consilium medicum. — 2006. — Т. 8, № 7. http://www.consilium-medicum.com/media/consilium/06_07/13.shtml
  5. Бауырдың аутоиммунды зақымдануы – алғашқы өтке байланысты бауыр циррозы мен алғашқы беріштенуші холангит Алтай медицинасы. Мұрағаттарндырылды 25 августа 2011 года.
  6. Child C.G., Turcotte J.G. Surgery and portal hypertension // The liver and portal hypertension. — Philadelphia: W.B.Saunders Co., 1964. — P. 50.
  7. Pugh R.N.Н., Murray-Lyon I.M., Danson J.L. et al. Transection of the oesophagus for bleeding oesophageal varices // Brit. J. Surg. — 1973. — Vol. 60. — No 8. — P. 646—648.
  8. Habib A., Bond W.M., Heuman D.M. Long-term management of cirrhosis: appropriate supportive care is both critical and difficult // Postgrad. Med. — 2001. — Vol. 109, No 3. — P. 101—113.
  9. Le Gall J.-R., Lourait PH., Alperoviych A. et al. A simplified acute physiology score for ICU patients // Crit. Care Med. — 1984. — Vol. 12. — P. 975—977.
  10. Баева В. М. Расторопши семена — Sylibi semen // Өсімдіктермен емдеу: Фитотерапия негіздері (медик студенттер мен тәжірибеленетін дәрігер үшін оқу құралы). — М.: Астрель; АСТ, 2004. — Б. 115—116. — 202 б. — 5100 д. — ISBN 5-17-023217-9.

SAKZ.PCH.18.09.0970a