Бауырдың қызметтері

Негіздердің негізі Уытсыздандыру Сақтау мен жинау қызметі Өттің түзілуі Пигменттер алмасуы Бауыр қызметінің бұзылуы

Бауыр – күшті биохимиялық зертхана, бірегей мүше. Ол туралы тек «қоқысты кәдеге жаратушы» ретінде ойлау, ол туралы ештеме білмеу деген сөз. Бұл мүше қайта қалпына келуге қабілеттілігі, яғни сау тіндердің тек төрттен бір бөлігі ғана қалса да алдыңғы көлеміне қайта келуе алуы1 сонымен қатар ағзаға қажетті қызметтердің арсеналына ие. Және бұл тек кәдеге жарату мен уыттарды залалсыздандыру емес.

Негіздердің негізі

Бауырдың ең аз құрылымдық бірлігі гепатоцит — жасуша болып табылады, онда оң жақ қабырға астындағы мүше жауап беретін барлық химиялық процестер өтеді. Гепатоциттерден басқа, бауырда ерекше жасуша-бастаушы1 немесе бағаналық жасушалары анықталған. Олардың есебінен ол қайта қалпына келе алады.

Қайта қалпына келу сау тіндер мен жасушалар бар болған жағдайда мүмкін екенін есте сақтаған дұрыс. Бауыр циррозы, жантәсілім сатысындағы майлы гепатоз бен басқа диффузды зақымданулар секілді кейбір аурулар кезінде қайта қалпына келу ештемеден болмайды – өйткені бірін қалдырмай барлық жасушалар зақымданады.

Сонымен, бауыр тоқтаусыз уыттар мен уларды залалсыздандырудан басқа немен айналысады? Осылармен айналысады:

  • — ақуыздардың алмасуы мен синтезіне қатысады
  • — көмірсулардың алмасу мен сақтауында маңызды бөлігі болып табылады
  • — липидтерді синтездеп, май қалдықтарын жояды
  • — дәрумендерді сіңіруге және сақтауға қатысады
  • — шұғыл жағдайлар үшін қан «қоймасы» ретінде қызмет етеді
  • — өттің пайда болуында қатысады, демек, ас қорытуды қолдайды
  • — микроэлементтердің алмасуында маңызды бөлігі ретінде қызмет етеді
  • — пигмент және гормональді алмасуға қатысады
  • — ағзаның энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етеді1, 2

Және осы қызметтердің бәрі біздің өміріміздің әр секундында бауырдың атқаратын үлкен жұмысының жай мысалын сипаттайды. Біз маңызды тармақтарды ашып, осы мүшенiң саулығын сақтап қалу не себептен маңызды екенін түсіндіріп беруге тырысамыз.

Уытсыздандыру

Күніге адам таңғы ас, түскі ас, кешкі асты ішеді, ал қоректік заттардың пайдаланылған бөліктері қанға түседі, кейде адам дәрі қабылдайды да, өзінің міндеті біткен соң химиялық заттардың «қалдықтары» да қанға түседі және тағы солай. Егер бауыр болмаса, ағза бірнеше күннен кейін нағыз уларға қол тигізбей ақ комаға түсіп, өліп қалар еді. Жай әдеттегі өзінің зат алмасу өнімдерімен тұншығып қалар еді. Мыналар бауырда ыдырайтын және бейтараптандырылатын кейбір заттар ғана:

  • — фенол
  • — этанол
  • — ацетон
  • — аммиак1,2

Осылардың барлығы зат алмасудың қалыпты өнімдері болғанымен, аз дозада да аса қауіпті. Сондықтан уыттарды залалсыздандыру қызметі өте маңызды.

Бауырдың қалпына келуін тездетуге көмектеседі Дәрі туралы

Сақтау мен жинау қызметі

Бауыр – шұғыл жағдайларда адамға өмір сүруге көмектесетін мүше. Мысалы, жарақат және қан жоғалту кезінде қан арнасына бауыр тамырларында үнемі болатын қанның қосымша көлемі шығарылады.1,3 Сондай торығу қадамы ағзаны тағы бірақ уақыт бойы «жүзу үстінде» сақтап тұра алады.

Сонымен қатар, сақтау туралы айтқан кезде бауыр гликоген – ерекше көмірсуды жинап отырады, ол қажет болған жағдайда глюкозаға айналып, оның мөлшерін ми мен жалпы барлық дененің қызмет істеуі үшін сақтап тұрады.1,2,3 Дәл бауыр осы энергетикалық қорды сақтаудың негізгі қоры болып табылады.

Сонымен қатар ол дәрумендерді, әсіресе май еритін, жинайды.

Өттің түзілуі

Өт бауырда өндіріліп, өт қабында тек қажет кезде ас қорыту жолының жарығына шығып, ағзаға тамақты қажет нәрлі заттарға дейін қорытып, ыдыратуға көмектесу үшін жиналып тұрады. Тәулігіне адам бауыры 2 литрге дейін өт бөледі.4

Бұл ащы қара-жасыл сұйықтық қасиеттері бойынша бірегей. Соның арқасында, аш ішектің толқи жиырылуы мен ішекті ішінен қаптап тұрған қорғау шырышының өндірілуі белсендіріледі, ол майларды ыдыратып, ақуыз алмасуына қатысады. Және бүйрекпен шығарылуы мүмкін емес зат алмасу өнімдерін дәл өт байланыстырады және шығарады.4

Пигменттер алмасуы

Билирубин – негізгі өт пигменттерінің бірі, қанды қызыл түске бояп, жасушалық дем алуға қатысатын ақуыз, гемоглобиннің ыдырау сатысының бірі. Эритроциттерде – қанның қызыл жасушаларында бар. Өзінің табиғи өлім-жітімінен кейін, шамамен 120 күн, эритроциттер кәдеге жаратылады, ал гемоглобин бауырда ыдырап, соның ішінде билирубинге айналады. Дәл соның қандағы шоғырлануының артуының арқасында сары ауру пайда болып, бауыр ауруын болжауға болады.

Айтқандай, егер сіз гемоглобин қалай билирубинге айналатынын көргіңіз келсе, жай терідегі көгерудің «гүлдену» деңгейлерін бақылаңыз. Қан сарғыш болған кезде, біліңіз – осы билирубиннің түсі.

Осы зат кейбір деректер бойынша – негізгі жасушалы антиоксидант және цитопротектор5, яғни жасуша қорғаушысы. Бірақ, бауыр мен өт қабының аурулары кезіндегідей, билирубин көп болатын болса бұл жаман. Оның уытты әсері де бар, ол гематоэнцефалдық тосқауылды өтіп ми жасушаларын зақымдауы мүмкін, бұл энцефалопатияға алып келеді.

Бауыр қызметінің бұзылуы

Бауырдың барлық қызметі бұзылған кезде соңында адам үшін қайғылы нәтижеге алып келе алатын өлімге алып келетін таусылмас мәселелер жіберіледі. Бұл әсіресе гепатиттер (жіті және созылмалы), цирроз, майлы гепатоз кезінде маңызды. Егер бауыр өзінің міндеттерін орындай алмаса, не болады:

  • — орталық жүйке жүйесінің зақымдануы
  • — қан қасиеттерінің өзгеруі (қан кету, тромбоздар болуы мүмкін)
  • — гормондар алмасуының бұзылуы, оның ішінде жыныстық
  • — жұқпалы асқынулар тәуекелін арттыру1
  • — және басқа да көптеген.

Сондықтан бауыр саулығын сақтау маңызды. Сау бауырдың негізгі ережелері: А мен В гепатитінен вакциналау, алкоголь қабылдауда ұстамдылық, басқа созылмалы уланулардан бас тарту, белсенді өмір салты мен теңгерімді тамақтану. Ал бауыр мәселесіне алғашқы күдік болғанда – дәрігерге көрініңіз. Деніңіз сау болсын.

Дереккөздер
  1. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B5%D1%87%D0%B5%D0%BD%D1%8C
  2. http://biokhimija.ru/biohimija-pecheni/funkcii-pecheni.html
  3. http://медпортал.com/terapiya-anesteziologiya-intensivnaya/klinicheskaya-fiziologiya-pecheni-56923.html
  4. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D1%91%D0%BB%D1%87%D1%8C_%D1%87%D0%B5%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D0%BA%D0%B0
  5. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B8%D0%BB%D0%B8%D1%80%D1%83%D0%B1%D0%B8%D0%BD

SAKZ.PCH.18.09.0972a