Бауырды емдеу

Дәрілік терапия Фосфолипидтер Синтетикалық дәрі-дәрмектер Өсімдік текті заттар Диета мен хирургия

Бауыр ауруларының түрі өте көп және оның әрқайсысына патогенетикалық (аурудың ағымдық механизміне, ағза қызметіне әсер ететін) және этиотропты (аурудың себебіне әсер ететін) емдеу бар. Кейде олар қатар қолданылуы да мүмкін. Терапия әрбір уақытта тек дәрі емес. Бауыр ауруларын емдеуде хирургиялық әдістермен қатар диетотерапия да қолданылуы мүмкін. Алайда, дәрі-дәрмектер жиі сұранысқа ие. Әрбір емдеу тәсілі туралы қысқаша төменде айтып өтеміз.

Дәрілік терапия

Бауыр ауруларын емдеу үшін түрлі топтағы дәрі-дәрмектер қолданылады. Бұлардың қатарында, В және С гепатиттерден вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер, өт айдайтын құралдар, ферменттер, өт дәрі-дәрмектері және тағы басқалар. Дегенмен де, ең кеңінен қолданылатын дәрілер – бұл гепатопротекторлар.
Дәрілік құралдардың осы шартты тобына1 шығу тегі барынша әртүрлі, бірақ ортақ міндеттері бауырды патологиялық әсерлерден қорғауға бағытталған заттар жатқызылады. Әсер ету механизмі жағынан олар бір-бірінен барынша ерекшеленеді және түрлі қосымша нүктесіне ие. Сондықтан, дәрілік құралды таңдау барысында оның жұмыс тәсілін білу өте маңызды.
Гепатопротективті деп аталатын субстраттардың негізгі түрлері, бұлар:

  • — фосфолипидтер
  • — синтетикалықдәрі-дәрмектер
  • — дәрумендер
  • — амин қышқылдары
  • — өсімдік текті заттар1

Бұлардыңәрқайсысытүрліпатологияда қолданылады және оларды қадағалаусыз қолдану теріс салдарларға әкеліп соқтырады. Сондықтан осы дәрілердің басым бөлігінің рецептісіз босатылатындығына қарамастан дәрігердің кеңестері бірінші кезекте болуы тиіс.

Фосфолипидтер

Бұл күрделі молекулалар өз мәні жағынан ерекше майлар. Барлық тірі жасушаларда фосфолипидтердің қандай да бір түрі болады, олар жасуша қабырғасының құрамына кіріп, биологиялық мембраналарды қалыптастырады, жүйке ұлпаларында болады, майларды, холестеринді тасымалдауда қатысады және өт ағымын жақсартады2. Бұл кіп-кішкентай молекулалар тек ағза денсаулығы үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар, жер бетіндегі жалпы тіршілік үшін өте маңызды болып табылады.
Фармокологиялық тұрғыдан фосфолипидтер үлкен мәнге ие. Олар келесі қызметтерді атқарады:

  • — бауырдың белсенді қалпына келуіне көмектеседі
  • — антиоксиданттық әсерге ие
  • — липидтер мен ақуыздар метаболизмін қалпына келтіреді
  • — бауырдың дезинтаксикациялық қызметін қалпына келтіреді
  • — өттің литогендік индексін төмендетеді (тас жиналу мүмкіндігін азайтады)

Фосфолипидті дәрі-дәрмектерде көп қанықпаған май қышқылдары (КҚМҚ) неғұрлым жоғары болған сайын оның жоғарыда аталған қасиеттері анығырақ көрінеді3.
Мұндай гепатопротекторлар әдетте келесі жағдайларда қолданылады:

  • — созылмалы гепатит
  • — бауыр циррозы
  • — бауырдың түрлі генезді майлы дистрофиясы
  • — бауырдың уытты зақымдануы
  • — алкогольдік гепатит
  • — Өтте тастың қалыптасуының алдын-алу үшін3.

Әдетте жеңіл қабылданады, қауіпсіздіктің жоғары бейініне ие. Дегенмен, басқа да дәрі-дәрмектер секілді қабылдауда мұқияттылықты және дәрігер тағайындаған қабылдау сызбасын сақтауды талап етеді.

Алдын алу оңай ауру, емдеу Препарат туралы

Синтетикалық дәрі-дәрмектер

Бұл топқа жасанды синтезделген урсодезоксихолдық қышқылды ғана емес, сонымен қатар, амин қышқылдары бар дәрумендерді де жатқызамыз. Көбіне аталмыш дәрі-дәрмектерді қолдану спектрі шағындау. Яғни, мұндай дәрі-дәрмектерді тағайындайтын аурулар тізімі барынша шектеулі. Егерде қазіргі заманғы дәлелдемелік медицина қағидаларын басшылыққа алсақ, дәрумендер мен амин қышқылдарының қолданылу аясы барынша тарылады.
Урсодезоксихолдық қышқылға қатысты айтар болсақ, өттің іркілуі мен аутоиммундық қабыну аурулары кезінде, мысалы, алғашқы билиарлық цирроз, бауырдың алкогольдік аурулары4 үшін ол стандарт әрі емдеу құралы болып табылады. Дозалау мен қабылдау уақытын дұрыс таңдау маңызды болғандықтан, дәрілік затты қатаң дәрігер бақылауымен тағайындалады.

Өсімдік текті заттар

Табиғаттың сырлары мен құпиялары өте көп.Жыл сайын ғалымдар өсімдіктен бөлінген қандай да бір белсенді компоненттің ерекше қасиеттерін ашып жатады. Бірақ ол дәрілік құралдар тізіміне енгенге дейін барлық қажетті процедуралар мен сынақтардан өту барысында бірнеше жылдарға созылады. Ал бұл өте маңызды. Себебі, медицинаның басты қағидасы: «Зиян келтірме» екені белгілі.
Көптеген шөптерге дәрілік қасиеттерді көрсетіп жатады, оларды бауыр ауруларын емдеуге қолданады. Бірақ, дәлелденген тиімділері өте аз.
Көбіне негізінде, жақсы көмектесетін дәрілік құрал болып ішіне жай экстракт қана емес, өсімдіктен бөлінген синтетикалық зат кіретін дәрілік құралдар табылады.

Диета мен хирургия

Диетаны елемеуге, әсіресе бауыр аурулары кезінде, болмайды. Дұрыс тамақтану ауру мүшеден артық салмақты түсіреді, ал бұл өте маңызды. Бауыр аурулары кезіндегі диета туралы толық көрші мақаладан оқыңыз (диета туралы мақалаға сілтеме). Консервативтік ем көмектеспейтін кезде, кейбір жағдайларда ауруды радикалды тәсілмен жеңуге болады: көмекке хирургия келеді. Тасы бар өт қабын алып тастау, эхинакокты сарысуын алып тастау, қақпалық гипертензия мен цирроз кезінде ұштастыру, цирроз кезінде өңеш тамырларының түйнеліп кеңеюін лигатуралау, ақырында, ауыстырып орналастыру – осы мен басқаларды хирургтар жасай алады. Бірақ бұл үмітсіздік немесе шұғыл жағдай емі. Сондықтан, ағза дәрілік заттар мен диета көмегімен мәселенi көтеретін болса, сол жақсы. Көптеген ауруларды нышанында анықтауға болады, және дұрыс таңдалған ем мен емделушінің жауапкершілігі кезінде, бауырды қайта қалпына келтіріп, емдеп алуға балады.
Дендеріңіз сау болсын!

Дереккөздер
  1. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B5%D0%BF%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%BE%D1%80%D1%8B
  2. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%BE%D1%81%D1%84%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%BF%D0%B8%D0%B4%D1%8B
  3. https://www.rlsnet.ru/tn_index_id_13197.htm#farmakologicheskoe-dejstvie
  4. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D1%80%D1%81%D0%BE%D0%B4%D0%B5%D0%B7%D0%BE%D0%BA%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D0%B2%D0%B0%D1%8F_%D0%BA%D0%B8%D1%81%D0%BB%D0%BE%D1%82%D0%B0

SAKZ.PCH.18.09.0971