Алкогольді емес бауырдың майлыбасу ауруы

БАЕМА себептері БАЕМА симптомдары БАЕМА диагностика БАЕМА емдеу Гепатопротекторларды бауырдың майлы ауруы кезінде қабылдау

Алкогольді емес майлыбасу ауруы немесе жай «майлы бауыр» - бауырдың кең таралған ауруларының бірі.1

Осы бауыр ауруымен халықтың 40 пайызы зардап шегеді.1

БАЕМА ағымы стеатоздың (май басу немесе инфильтрация), стеатогепатит пен бауыр циррозының дамуымен қоса жүреді. Алайда, бауыр ауруының басқа түрлерімен белгілі бір ұқсастығының болуына қарамастан, бұл ауытқушылықтың өзіндік ерекшелігі бар, соның негізінде осы диагноз қойылады. Бұл емделушінің анамнезінде бауырға уытты әсер ететін алкагольді тұтыну дозаларының болмауы. Осы ретте БАЕМА диагнозы қойылған емделушілердің көпшілігі метаболизм сидромымен ауырады.7

Бауырды зақымдайтын майлы аурудың алғашқы және екінші түрі ажыратылады, және бұл емге, кейде аурудың нәтижесіне әсер ететін елеулі айырмашылық. Алкогольді емес алғашқы бауыр дистрофиясы инсулинге төзімділік пен қандағы инсулин мөлшерінің жоғарылауы аясында дамиды.7

Екінші БАЕМА бауырды зақымдайтын факторлардың немесе аурулардың әсер етуімен байланысты. Бұл уыттар, дәрілік препараттар, асқазан-ішек жолдарының және гепатобилиарлы жүйенің кейбір аурулары болуы мүмкін.1, 5, 7

Қазіргі таңда бауырдың алкогольді емес майлы ауруының қалай дамитыны туралы нақты мәліметтер жоқ. Оның дамуына және қалыптасуына көптеген факторлар түрткі болатыны ғана белгілі. Олардың ішінде мыналарды атап өтуге болады:

  1. Гормональді бейіннің, әсіресе, май алмасуға қатысатын гормондардың өзгеруі.
  2. Ішектің шектен тыс бактериалды тұқымдану синдромымен ішек флорасының бұзылуы, нәтижесінде тиісінше иммундық процестер дамып, қабынуды күшейтеді.
  3. Тұқым қуалаушылық.
  4. Генетикалық себептер.

Екінші бауырдың алкогольді емес майлы ауруының дамуына келесілер алып келуі мүмкін:

  1. Бауырға уытты әсер. Бұл кейбір дәрілік заттарды қабылдау, ағзаға химиялық заттардың, соның ішінде ауыр металдардың, ауыл шаруашылық препараттардың енуі.
  2. Дене салмағының үлкен қарқынмен азаюы, бұл метаболизмдік процестердің бұзылуына алып келеді.
  3. Ішекке шұғыл араласу салдарынан туындаған мальабсорбция синдромы.
  4. Ұзақ уақыт бойы ас қорыту жолдарынан тыс (вена ішілік) қоректенуде болу.
  5. Сіңірудің бұзылуымен бірге болатын асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары (созылмалы панкреатит, өзіне тән емес жаралы колит).
  6. Вебер-Крисчен мен Коновалов-Вильсон аурулары1, 7

Өзінің дамуында осы бауыр ауруы бірнеше даму сатысынан өтеді.1

Бірінші стеатоз немесе бауырдың майлы инфильтрациясы пайда болады 1. Ол үшін шамадан тыс майдың келуі немесе олардың шығу жылдамдығының төмендеуінен5, 7 пайда болатын бауыр жасушаларының майлы дистрофиясы тән3.

Сосын стеагепатит қалыптасады – бұл май басумен бірге жүретін бауыр қабынуы. 1 Ол 4 пайыздан артық емес науқастарда дамып,1 бауырда қабыну өзгерістерімен бірге жүреді.2, 7

Алкогольді емес аурудың шырқау шегінің соңғы сатысы бауырдың толық зақымдауымен, бауыр жасушаларының дәнекер тінмен алмасуымен және кейінгі бауыр циррозының дамуымен сипатталады.3

Жалпы, АЕМА кезіндегі бауыр зақымдауы көп жерде оның алкогольді майлы ауру кезінде зақымдануымен ұқсас.4

Емдеуден гөрі алдын-алу жеңілдірек. Дәрі туралы

БАЕМА себептері

Алкогольді генезден тыс бауырдың майлы ауруының себептер тізімінде келесілер бар: артық дене массасы, 2-типті қант диабеті, майлар мөлшерінің жалпы нормадан ауытқи артуы (холестерин мен триглицеридтер).5 Алдында айтып өткендей, аурудың дамуы бауырға уытты дәрілік заттармен, ұзақ уақытты ас-ішек жолдарынан тыс тамақтанумен, құрамы бойынша үйлестірілмеген майлы қоректі зат пен көмірсулармен шақырылуы мүмкін.5

БАЕМА-ны дер уақытында анықтау үшін бауырдың осы патологиясымен ассоциаланған деп саналатын аурулары бар емделушілерге скрининг өткізуге кеңес беріледі:

  • — Артық (шамадан тыс) салмақ;
  • — семіру;
  • — 2-типті қан диабеті;
  • — дислипидемия;
  • — метаболизмдік синдромы.

Сонымен қатар келесідей аурулар мен жағдайлар кезінде БАЕМА-ның болуына тексерілуге кеңес беріледі:

  • — ПКАБС — поликистозды аналық бездердің синдромы;
  • — гипотиреоз;
  • — Түнгі апноэ синдромы;
  • — аналық без жеткіліксіздігімен байланысты жыныс гормондары деңгейінің төмендеуі;
  • — гипофиз жұмысының бұзылуы, әсіресе гипопитуитаризм кезінде;
  • — алынып тасталған өт қабы мен ұйқы безі;
  • — D гиповитаминозы;
  • — тамоксифенмен емдеу.7

Ауру симптомдары

БАЕМА клиникалық белгілері көптеген жағдайларда елеусіз қалады2 немесе науқастар оларға мән бермейді.1 Сол уақытта, шаршағыштық, босаңсу, ауырлық немесе оң қабырға асты немесе бауыр кескіні айналасындағы ауыру БАЕМА туралы сигнал береді.1 Сарғаю, тері қышымасы, жүрек айну, қыжыл – одан да қорқынышты симптомдар.1 Көбінесе олар алкогольді емес ауру (ереже бойынша, стеатогепатит сатысында) алысқа жетіп қалған кезде пайда болады.

Аурудың диагностикасы

Аурудың диагностикасы БАЕМА диагнозын қою үшін бауырдың ультрадыбыстық зерттеуі (немесе компьютерлі диагностика) мен қанның биохимиялық талдауы қажет.2 осы патологиямен шардап шегетін көптеген науқастарда (50 — 75% жағдайларда)1 УДЗ кезінде бауырдың ұлғаюы анықталады. Кейбіреулерінде (25% жағдайларда) көкбауырдың ұлғаюы мүмкін.2 Қызметтік сынамаға келетін болсақ, сілтілі фосфатаза1, гамма-глутамилтранспептидаза и аминотрансферазалар жоғары болуы мүмкін.2 Бұл ретте АЛТ АСТ-ға қарағанда жоғары.2 Сонымен қатар, бауыр жұмысының көрсеткіштері – билирубин, холестерин мен триглицеридтер қалыпты шектен тыс болуы мүмкін.1

Кейбір жағдайларда БАЕМА диагностикасы қосымша зерттеулерді қажет етеді.2 Ауру қандай сатыда екенін анықтау және реактивті және вирусты гепатиттер мен бауырдың симптоматикасымен ұқсас басқа аурулардың ықтималдығын жою үшін биосынама қажет болып қалуы мүмкін.5, 7

БАЕМА емдеу

БАЕМА емдеу қалыпты физикалық жүктемелер, диета мен дәрілік емді тұспалдайды.1 Спортпен шұғылдану мен тамақты шектеу, ең алдымен, семірумен зардап шегетін адамдарға кажет.2 Егер олар салмағын 5 — 10%-ға азайта алса, олардың жағдайы едәуір жақсарады: АЛТ, АСТ көрсеткіштері төмендейді, ал ең бастысы – ауру кері кетеді.1 Сонымен қатар салмақтың кенет түсуі ауру ағымына теріс әсер етіп, бауыр жасушаларының фиброзы мен некрозымен бірге жүретін жіті кезеңіне алып келуі мүмкін.1, 7

Диета тек толық адамдарға ғана керек емес. Осы диагноз барлық науқастардың ұстауын талап етеді. Оларға жоғары ақуыздар мен дәрумендері бар, малдан алынатын майларды шектеу мен міндетті түрде бауырдың май инфильрациясын болдырмайтын өнімдері бар №5 диета кеңес беріледі.5 Соңғыларға қарақұмық, бидай, сұлы жармасы мен ірімшікті жатқызады.5

БАЕМА ассоциацияланған ауруларды анықтаған кезде, оларды емдеуде түрлі құралдар мен тәсілдер көмекке келеді: дәрілік ем, оталық ем, физиотерапевтикалық тәсілдер, диета мен дозаланған физикалық жаттығулар.

Бүгінгі таңда БАЕМА өзіне тән дәрілік емі жоқ, ал осы бауыр ауруына көрсетілетін дәрілік препараттар, негізінде, оның даму факторларына әсер етеді. Ем тіндердің инсулинге сезімталдығын түзету үшін препараттарды, антиуытты заттарды, дәрумендерді қоса алады. Ерекше роль бауыр жасушаларын зақымдайтын факторлардан қорғау, жасушалы қайта қалпына келу үдерісін ынталандыру мақсатында қабылданатын гепатопротекторға берілген.7

Гепатопротекторларды бауырдың майлы ауруы кезінде қабылдау

Осы патологияны емдеуде ең танымал және тиімді құралдардың бірі болып эссенциальді фосфолипидтер танылады.3 Эссенциальді фосфолипидтер бауыр жасушасының қабығын қайта қалпына келтіріп, дәнекер тіндердің дамуына бөгет болады.2 Одан басқа, эссенциальді фосфолипидтер аурудың алғаш себебіне әсер ете, бауырдағы липидтер алмасуын қалыптандыруға мүмкіндік туғызады3. Эссенциаьді фосфолипидтер биохимиялық көрсеткіштерді, науқастың жалпы хал-жағдайын жақсартып, ауырлық, оң қабырға астындағы жайсыздық, тәбеттің төмендеуі секілді симптомдарды азайтады. Дәрілік заттар бауырдың қорғайтын және тасымалдау қызметін жақсартып, оның жасушаларына тотықтандыратын күйзеліске қарсы тұруға көмектеседі.

Дереккөздер
  1. Мехтиев С. Н. мен басқалар. Бауырдың алкогольді емес майлы ауруы:клиника, диагностика мен ем // Емдеуші дәрігер. – 2008. – Т.2.– С. 23-26.
  2. Калинина А. В. И Хазанова А. И. редакциясында. Гастроэнтерология мен гепатология: диагностика мен емдеу – Мәскеу: Миклош, 2009, б.394, 466, 467, 468, 469–602 б.
  3. Подымова С.Д. Бауыр аурулары (Дәрігерлер үшін нұсқаулық), М.:Медицина, 1984, б.234, 254, 310–480 б.
  4. Радченко В.Г., Шабров А. В., Зиновьева Е. Н. Клиникалық гепатология негіздері. Бауыр мен өтке байланыс жүйе аурулары, СПб, «Диалект» басылымы, М. «Бином» басылымы, 2005, б. 387–857 б.
  5. С. Д. Подымова Майлы гепатоз, алкогольді емес стеатогепатит. Клиникалық-морфологиялық ерекшеліктері. Болжам. Емдеу. РМЖ Қосымшасы «Асқорыту мүшелерінің аурулары», No2, б. 61.
  6. Gundermann KJ, Kuenker A, Kuntz E, Drozdzik M.Activity of essential phospholipids (EPL) from soybean in liver diseases. Pharmacol Rep 2011.
  7. Бауырды зерттеу туралы Ресей қоғамы мен Ресей гастроэнтерологиялық қауымдастықтың бауырдың алкогольді емес майлы ауруларын анықтау мен емдеу туралы клиникалық кеңестері.

SAKZ.PCH.18.09.0902a