Бауыр ауруларының симптомдарын қалай тануға болады?

Бауыр циррозының симптомдары Бауырдың алкогольді емес майлы ауруы:симптомдары Холецистит симптомдары Бауыр ауруларының симптомы не болуы мүмкін?

Бауыр - адал және үнсіз көмекші. Бауырда жүйке ұштары жоқ, сондықтан бауырдың ұлғаюы мен сыртқы қабығының кеңеюімен байланысты оң жақтағы қабырға асты ауыру – өте қатерлі симптом.1 Көптеген бауыр ауруларының немесе зақымдануларының бастапқы сатысы іс жүзінде симптомсыз өтеді.2

Бауыр ауруларының симптомдары

Бауыр циррозының симптомдары

симптомы цирроза

Цирроз секілді бауырдың ауыр ауруымен байланысты белгілері байқалмайтын болуы мүмкін.

Осы ауру кезінде дәнекер тіндердің шамадан тыс ұлғаюы болады, бауырдың анатомиялық құрылымы өзгереді, аномальді фиброзды түйіндер пайда болады. Алайда бауырдың осы ауруының клиникалық көрінісі соншалықты алуан түрлі, кейде диагнозды қате қою мүмкін. Аз белсенді цирроз кезінде науқасты жоғары шаршағыштық, қызыл иектің қанауы, зәрдің мерзімді қараюы алаңдатуы тиіс.3

Аурудың шырқауына қарай үлкен дәреттің бұзылуы, жоғары газ түзілу, тәбеттің төмендеуімен білінетін диспепсиялық бұзылулар қосылуы мүмкін. Мерзімді дене қызуының субфебрильдіге немесе қалыпты сандарына дейін (Цельсий бойынша 38 градустан жоғары емес) жоғарылауы мазалайды. Буындарда ұшқыр ауыру мазалауы мүмкін, шаршағыштық жоғарылайды, жүйке жүйесі тұрақсыз, құбылмалы болады, ұйқының түрлі бұзылулары дамиды.6

Бауыр қызметінің бұзылуы туралы сигнал беретін ең маңызды және айқын симптомдарының бірі холестаз белгілері, атап айтқанда сарғаю, несеп және нәжіс түсінің өзгеруі болуы мүмкін. Сарғаю - тері мен шырыштың бояуының өзгеруі қандағы негізгі өт пигменті билирубин деңгейі күрт жоғарылаған кезде дамиды. Билирубин - гемоглобин ыдырауының метаболиттерінің бірі, қалыпты жағдайда өттің, демек, нәжістің бояуын береді. Сондықтан, кейде бауырдың жіті зақымдануы кезінде нәжістің түсі де өзгеруі мүмкін, ол ақшыл болады, ал зәрдің түсі күңгірт реңкті болады. Мұндай жағдайлар жіті гепатиттер мен холециститтер кезінде жиі пайда болғанмен, циррозда да кездесе алады. Бірақ циррозға сарғыш, кейде жасыл реңкті тері түсі тән.

Ауру ұзақ уақыт бойы созылып немесе белсенді түрге ауысса, қақпалық көктамыр жүйесінде гемодинамиканың бұзылуымен байланысты белгілер – қақпалық гипертензия қосылады. Бауыр тамырлары мен төменгі қуыс көктамырда әрдайым жоғары қысым себебінен көкбауыр ұлғаяды, асқазан-ішек жолдары мүшелерінің тамыры кеңейеді, іш қуысында ұйыма жалқаяқ - асцит жиналады, бауыр энцефалопатиясы дамиды. Құрсақ қабырғасында кәдімгі сурет пайда болады – «медуза басы» синдромы: көк толған тамырлар иректі сызық түрінде шығып тұрады.6

Белсенді түрде өтетін цирроз кезінде тынышсыздану себебі ретінде оң жақ қабырға астында сыздаған ауыру, сарғайған шелдер, іштің кебуі, тығыздалған бауыр болуы мүмкін.4 Емделушілер майлы, қуырылған тамақтан, алкогольден жиреніп, оларды жиі жүрек айну, кейде құсу мазалайды.6

Бауыр циррозы бар емделушілерге алкогольден бас тарту, гепатоуытты дәрілік заттардан алыс болуға және вирусты гепатиттерді жұқтырудан сақ болуға кеңес беріледі. Сондай ақ науқастарға дәрілік ем мен №5 диетаны жазып береді.4, 5

Бауырдың алкогольді емес майлы ауруы:симптомдары

НАЖБП

Бауырдың алкогольді емес майлы ауруы (алькогольді емес стеатогепатит, БАЕМА) – бауырдың май басу мен қабынудың ілеспелі белгілері бар стеатоз ағымының нұсқасы. Аурудың қалыптасу ерекшелігі емделушілер ауруының тарихында алкогольді анамнездің жоқ болуы: олар алкогольді шамадан тыс қабылдамаған, ал 42% адамдарда ешқандай стеатозға итермелеуші факторлар анықталмады.6

БАЕМА жағдайларының бөлігі емделушілерде көмірсулы және майлы алмасудың бұзылуына алып келетін инсулинге төзімділік пен метаболизмдік синдромның бар болуымен байланысты. Басқа БАЕМА уытты және басқа бауырды зақымдайтын факторлар, мысалға кейбір дәрілік заттарды қабылдау, бауыр-өт жүйесі мен АІЖ мүшелерiнiң жұмысының өрескел бұзушылық, тиімсіз диета және т.б. әсерімен дамиды.

БАЕМА қандай да бір өзіне тән байқалуы жоқ. Кейде іште жағымсыз сезімдер, оң жақтағы қабырға астында немесе төстің төменгі жағында ауыспалы сыздап ауыру білінеді, жеңіл немесе орташа деңгейдегі астения (жалпы әлсіздік) білінеді. Бауыр ұлғаюы мүмкін, ал көкбауыр бауырдың осы ауруында өте сирек ұлғаяды.

БАЕМА өзіне тән аурулармен байланысты: көптеген науқастарда артық дене массасы бар, ал елеулі бөлігінде (әрқашан емес) – инсулинге төзімділік пен инсулинге тәуелсіз қант диабеті.6

Холецистит симптомдары

симптомы холицистита

Холецистит (өт қабының қабынуы) – өт өзегінің бітелуі мен қабынудың дамуымен байланысты өт қабына тас байлану білінуінің бірі.

Аурудың бастапқы кезеңдерінде, бауырмен байланысты тастың болмашы көлемінде шағымдар мен клиникалық белгілері жоқ болуы мүмкін. Егер жіті холецистит пайда болса, егер тас өзектің бітелуіне алып келсе, иық, арқа, жауырын, мойын, төске таралатын төс шеміршек астында сыздаған аурудың пайда болуы мүмкін. Емделуші ауыру қатты болмайтын дене қалпын табуға тырысады, мазасызданады, оның ұйқысы бұзылады, астения дами бастайды.

Осы ауруға дене қызуының көтерілуі, ащы дәм, іш қату мен іш кебу ілеспелі болуы мүмкін. Дегенмен, бұл жерде де диагностикамен мәселе туындауы мүмкін, әсіресе холецистит өзіне тән емес өтетін 60 жастан асқан адамдарда, бауыр қалыпты көлемінде болып, жергілікті және жалпы реакциялар әлсіз айқындалады, белгілерін холециститпен байланыстыру қиын болып, ауру жиі перитонитпен «аяқталады».5

Созылмалы холециститтің жеңіл асқынбаған түрін емдеу тәртіпті, диета мен емдік терапияны ұстаумен шектеледі.5 Хирургиялық әрекеттерді холециститтің асқынған түрі немесе асқынусыз созылмалы ағымы кезінде жасалады.5

Ерте кезеңдердегі симптомдармен күреседі Дәрі туралы

Бауыр ауруларының симптомы не болуы мүмкін?

Бауыр ауруларын ақытылы диагностикалау сәтті емдеп шығуға көп мүмкіндік береді. Дәл осы себептен кез келген, өзіне тән емес симптомдар мен белгілерге мән беру қажет. Шаршағыштық, жүрек айну, тәбеттің жоғалуы, оң жақ бүйірдегіауырлық пен тері қышымасы бауырмен байланысты аурулар, күрделі проблемалар туралы белгі бере алады.. Айқын білінетін симптомдар – сарғаю, зәр мен нәжіс түсінің өзгеруі, соңғы кезеңдерде немесе аурудың жіті ағымы жағдайында байқалады.3

Бірақ кейде шелдің болар-болмас сарғаюы бауырдың ұзақ уақыт бойы жүріп жатқан зақымдануы туралы айта алады. Сондықтан, тіпті елеусіз симптомдарға назар аудару маңызды.

Көбісі дімкәстік симптомдары дәл бауырмен байланысты екенін болжамай, оларды қатты шаршағандық немесе дұрыс тамақтанбаудан деп түсіндіріп, бұзылулардың ауыр емес себептерін көруге бейім. Депрессиялық жағдайлар, көңіл — күй мен жұмысқа қабілеттіліктің өзгеруі, ұйқының, назардың , концентрацияның бұзылуы және тағы басқалар бауыр энцефалопатиясының - гепато-билиарлық жүйе қызметінің бұзылуы аясындағы мидың зақымдануының белгілері болуы мүмкін.

Бауыр аурулары кезінде өзін өзі емдеу әрекеттері, соның ішінде халық медицинасы тәсілдерімен, дәрігерге көріну уақытын созу ағымның ауыр түріне ,аурудың асқынуларына алып келуі ,тиімсіз емнің себебі болуы мүмкін. Дәл осы себептермен бауыр жұмысының кез келген бұзылуларын дер кезінде анықтау үшін жылдық зерттеуден өту маңызды. Кез келген аурулармен немесе бауыр жұмысының бұзылуымен байланысты бола алатын алғашқы белгілер пайда болғанда дәрігерге қаралыңыз.4

Дереккөздер
  1. Минушкин О.Н. «Абдоминальді ауыру: дифференциалды диагностика, мүмкін емдік тәсілдері». РМЖ. 2002
  2. Драпкина О.М. Бауырдың алкогольді емес майлы ауруларын анықтау мақсатымен жалпы тәжірибелік дәрігердің әрекет алгоритмі. Поликлиника дәрігерінің анықтамалығы. 2014
  3. С. Д. Подымова, Бауыр аурулары (дәрігерлерге нұсқаулық), Мәскеу «Медицина», 1984
  4. Калинин А. В. и Хазанов А. И. редакциясымен. Гастроэнтерология мен гепатология: диагностика мен емдеу — Мәскеу: Миклош, 2009
  5. Радченко В.Г., Шабров А. В., Зиновьева Е. Н. Клиникалық гепатология негіздері. \ бауыр мен өтке байланысты жүйе аурулары, СПб, «Диалект» басылымы, М. «Бином» басылымы, 2005
  6. Бауыр мен өт шығаратын жолдардың аурулары. В. Т. Ивашкин редакциясымен. Мәскеу, ЖШҚ «Издательский дом «М-Вести», 2002.
  7. Бауырдың қатерсіз ісіктері бар емделушілерді жүргізу туралы EASL клиникалық кеңестері. Бауыр ауруларын зерттеу бойынша Еуропалық қоғамдастық. European Association for the Study of the Liver, EASL). Journal of Hepatology 2016. Том 65. Б. 386—398.

SAKZ.PCH.18.09.0973a