Бауыр аурулары

Бауыр ауруларының себептері Бауыр ауруларының белгілері Бауыр аурулары кезінде тамақтану

Қазіргі заманда әр түрлі жастағы халықтың арасында бауыр аурулары жиі кездеседі. Өкінішке орай, аурудың бастапқы сатысында симптомдарсыз өтуі мүмкін болғандықтан, олар өздерінде қосымша қауіпті жасырады. Көбінесе емделуші дерт дамуының соңғы сатыларында дәрігерге көрініп, тексерістен өтуді шешеді. Осы сатыда әдетте ұзақ және қымбат тұратын емдеу қажет болады. Сондықтан, алдын алу мен уақытында тексерілу бауыр саулығына қажетті.1

Бауыр. Ол қайда орналасқан

Бауырға маңызды жұмыс берілген, және барлық тіршілік әрекетіне маңызды органдар секілді, ол дененің орталық аймағында орналасқан. Ол көлемі бойынша едәуір үлкен және шамамен оң құрсақ бөлігінің барлық жоғарғы бөлігін алып тұр. Бауыр тікелей диафрагманың күмбезінде орналасып, оның сенімді қорғанысында тұр. Органның төменгі бөлігі қабырға астында тұр. Бауырдың кішкене бөлігі ағзаның сол жағында, көкбауыр мен ұйқы безінің қасында орналасқан. Көбінесе бауыр аурудың соңғы сатысында ауыра бастайды, бұл кезде оң қабырға асты аймағында сезіледі. Бірақ тіндер мен көрші органдарға беруі мүмкін. Дәл осы себептерден бауыр ауруын басқа аурулармен шатастырып алу оңай.2

Бауырдың негізгі қызметтері

Бауыр – тек ағзадағы ең ірі орган болып қана қоймай, ол көптеген қызмет атқарады. Ол қызметтер төмендегідей:

  1. Ағзаны уытты заттардан тазарту – қоршаған ортадан алкоголь, дәрілік заттар, тікелей уыттар және т.б. арқылы жететін уытты қосылыстарды залалсыздандыру;
  2. Зат алмасу өнімдерін кәдеге жарату - тіршілік әрекеті үдерісі кезінде көптеген ыдырау уытты өнімдері (ацетон, фенол, кетондық қосылыстар) пайда болады;
  3. Липидті алмасуды реттеу (майлы қышқылдардың, холестериннің, липоротеиндердің және т.б. зат алмасуы);
  4. Көптеген жыныс және бүйрек үсті безі гормондардың тікелей синтезінде қатысуы;
  5. Ағзаға түсетін витаминдер мен минералдарды реттеу;
  6. Қантүзілім;
  7. Ферменттер мен өттің синтезі.

Бауырдың зақымдану сатысына байланысты, қызметтің біреуі ғана, және сондай ақ барлығы бұзылуы мүмкін.3

Бауыр ауруларының себептері

Осы органныңқалпына келуге зор қабілеті бар. Дегенмен, бауырмен байланысты проблемалардың жиі себептері келесідей болып табылады:

  1. Генетикалық бейімділік, даму кемістіктері. Көбінесе, бауыр гипоплазиясы және бауыр тамырлары мен жолдары атрезиясының түрлі түрлерімен байланысты;
  2. Вирус әрекеті. Оларға А, В, С, Д, Е және өзге типті гепатит вирустары жатады. Жіті қабыну үдерісін шақырады. Ең қауіпті вирустың бірі В гепатитінің вирусы болып табылады, ал С гепатиті цирроз сатысында жиі анықталады;
  3. Дәрі-дәрмектердің әсері. Сонша барлық дәрілік заттардың бауырға жойқын әсері жоқ. Солардың ішінде ең уыттысы – антибиотиктер, гормондар мен химиотерапевттік дәрілік заттар;
  4. Алкоголь қабылдау. Спиртті ішімдікті шамадан тыс қабылдау бауыр жасушасын жоюға алып келеді, ол бірте-бірте циррозға алып келеді. Бауырға этанолды қабылдаудың бекітілген мөлшері – тәулігіне 40%;
  5. Уыттардың әсері. Қоршаған ортадан ағзаға көп мөлшерде жететін уытты заттардың ұзақ уақыттағы әсері (ауыр металдар, химиялық қосылыстар, бу). Салдары алуан түрлі болуы мүмкін, орган көлемінің аздап ұлғаюынан бастап, бауыр жасушалық жеткіліксіздікке дейін;
  6. Жұқпалар мен паразиттер. Паразиттер мен жұқпа агенттерінің көп түрі патологиялық мінезде өзгерістердің пайда болуының негізгі себептері болады, сонымен қатар бауырда созылмалы үдерістерді шақыруы мүмкін. Негізінде, оларға аскаридтер, эхинококк, альвеококк және т.б. жатады;
  7. Құрсақ қуысының органдарының аурулары, осылардың нәтижесінде іріңдеу үдерісі болады. Олар қақпалық көктамыр жүйесінде іріңдеуді таратуға әкеліп соғуы мүмкін;
  8. Механикалық жарақаттар. Іш немесе бауыр жарақатының салдары әсерден кейін жақын уақыт ішінде ғана өзі туралы ескертпейді. Зақым алғаннан кейін бірнеше уақыт өткеннен соң бауыр ұлпасында сарысулы ісік немесе сұйықтықтың жиналуын табу жағдайлары сирек емес;
  9. Дұрыс тамақтанбау. Үйлестірілген тағамның жоқ болуы, сонымен қатар ұзақ уақыт бойы қуырылған, ащы, майлы мен қақталған тағамды шамадан тыс қабылдау бауыр саулығына ауыр әсер етеді. Көбінесе, мұндай өмір салты бұзылған өттің ағып шығуына, іркілуіне және тастың пайда болуына алып келеді.

Жоғарыда айтылған себептермен шақырылған аурулардан бөлек, аутоиммунды аурулар кездеседі, ағзада гельминттердің бар болуы және т.б. үлкен роль ойнайды. Алайда аурулардың негізгі саны дәл осы факторлармен байланысты. Олар өмір үшін маңызды орган қызметінің түрлі бұзылуларына алып келе, бауырға және ағзаға жалпы әсер етеді.4

Емдеуден гөрі алдын-алу жеңілдірек. Дәрі туралы

Бауыр ауруларының тізімі

Бауыр аурулары түрлі жаратылыста болуы мүмкін, бірақ негізгі назарды әр аурудың белгілеріне аудару қажет. Бауырдың көп атаулары тіпті адамдарға белгісіз, сондықтан осы симптомдар алдымен қауіп тудырмайды да, адам жалпы хал-жағдайы шаршаудан, күйзелуден немесе басқа себептерден деп ойлайды. Өкінішке орай, симптомдар ауыр ем қажет болған жағдайда ғана айқын болады.

Жұқпа түрдегі аурулар. Гепатиттер

Осы аурулар қабыну үдерісі түрінде болып, қоздырушы түріне қарай әр түрлі пайда болады. А гепатиті өте кең таралған, оның симптомдары тұмау симптомдарына ұқсайды: жоғары дене қызуы, нашар жалпы хал-жағдай, ұйқышылдық. Тек сары ауру бауыр проблемасын айқын куәландырады. В мен С гепатитіне алып келетін қоздырушылар ең жағымсыз және адам өміріне қауіпті болып табылады, олар цирроз немесе қатерлі ісікпен аяқталуы мүмкін.5

Май алмасудың бұзылуы

Дәл бауырда май алмасуы болады, сондықтан осы орган мен оның жасушалары зат алмасумен байланысты мәселелерді жіті сезінеді. Ол майлы гепатозға алып келуі мүмкін. Майлы гепатоздың себебі қант диабеті де, сонымен қатар спиртті ішімдікті қабылдау да болуы мүмкін.

Жасушада май жиналған кезде ауру дами бастайды. Бұл олардың жұмысына кедергі жасайды, олар уыттарды залалсыздандыра алмайды да, бос радикалдардың жиналуы болады. Жасушалар өле бастап, бауыр өзінің негізгі қызметін жасауды тоқтатады.

Майлы гепатоз шағын қолайсыздықты туғызады, бірақ айқын симптомдар жоқ. Жүрек айну, іштің кебуі, ас қорытудың бұзылуы, дәреттің қиындығы, жоғарғы дене қызуы байқалуы мүмкін. Бауырға сары ауру мен күйік дәмі айқынырақ көрсетілуі мүмкін.

Уытты зақымданулар

Бауыр қанды уыттардан тазартатындықтан, ағза саулығы үшін өте маңызды. Дегенмен, ағзаға бауыр жасушалары көтере алмайтын фенолдар, ацетальдегид, ауыр металдар тұздары кіре алуы мүмкін. Бауырдың уытты зақымдануы ерекше белгілерсіз, өзінің жіті түрінде де, өтуі мүмкін.

Уыттардың зиянды әсерінің нәтижесінде алмасу үдерісінің бұзылуы мен май тіндерінің жиналуы болады. Содан кейін некроз, қабыну, цирроз дамуы мүмкін. Уыттылық әсерінен азап шегетін емделушілер, без мөлшері артатын болғандықтан, оң қабырға астында, немесе іштің ауыруына шығымдануы мүмкін. Уланудың жалпы белгілері байқалуы мүмкін: жүрек айну, мұрыннан қан кету, әлсіздік, құсу, жоғары дене қызуы.

Ісіктер

Бауыр ісіктерін қатерлі және қатерсіз деп бөлуге болады. Қатерсіз ісіктер айтарлықтай жиі кездеседі (липомалар, фибромалар,ісіктер).Көп жағдайда симптомдарсыз өтеді. Тек ісіктің ұлғаю жағдайында, бездің де өлшемі артуы мүмкін, бұл іштің оң жақ бөлігінде ауру ретінде байқалады. Бауырдың ісікті ауруларының көбісі метастаздар басқа органдардан безге енуімен байланысты. Қатерлі ісіктердің әлсіздік пен салмақтың азаюынан бастап, ауру сезіміне дейін айқын симптомдары бар. Сары аурудың да пайда болуы сирек емес.5

Бауыр ауруларының белгілері

изображение признаков заболеваний печени

Айтып өткендей, бауыр ауруының алғашқы белгілері патология түріне байланысты ерекшеленуі мүмкін, алайда барлық ауруларға бірдей белгілері бар.

Астеникалық сипаттағы белгілер

Астеникалық сипаттағы симптомдар денсаулықпен байланысты көптеген мәселелер кезінде пайда болуы мүмкін, соның ішінде бауыр аурулары кезінде. Оларға шаршау сезімі, тез зейіннің жоғалуы, энергия деңгейінің төмендеуі, еңбекке жарамдылықтың төмендеуі жатады.

Без аймағындағы ауыру сезімі

Ауыру тек сирек жағдайларда пайда болады және барлық ауруларда емес. Көбінесе,капсуланы жанап кететін қабыну процесі кезінде пайда болады. Дәл сол жерде ауыру сезгіш рецепторлары орналасады. Ауырудың сипаты сыздап ауыру болуы мүмкін немесе орган өлшемі ұлғайған кезде жарып ауыру сезімі пайда болуы мүмкін. Кейбір гепатит түрлеріне, ерте сатыдағы цирроз бен өскінге тән. Бауыр ішілік өт жолдарының зақымы кезінде ауыру сезімі жоғары болады.

Диспепсия

Бұл жиі қыжылмен, жүрек айнумен, ащы дәммен, тәбеттің төмендеуі мен құсумен байқалатын асқазан-ішек жолының бұзылған жұмысы.

Сары ауру

Тері, көз бен ауыздың шырышты қабығы сары реңкті болатын жағдай. Осы бауыр ауруының білінуі тікелей билирубин алмасуының бұзылуымен байланысты. Бауыр жасушасының зақымдануы кезінде пайда болатын сары аурудың аты паренхиматозды. Көбінесе гепатит кезінде пайда болады. Сары аурудың осы түрінің себебі – тікелей билирубиннің жанамаға ауысу үдерісінде жаңылуы. Нәжіс бұл кезде ашық реңкті болады. Қанның биохимиялық талдауы жалпы және тікелей билирубиннің артуын көрсетеді. Гемолитиздік сары ауру кезінде қандағы билирубин деңгейі артады.4

Басқа симптомдар

Безге қатысты мәселелер кезіндегі көптеген белгілер жалпы болып табылады, сондықтан бауыр аурулары кезінде қандай симптомдар анық көрінген болып табылатынын білу маңызды. Мысалға, ұйқының қашуы, кышыну,жады мәселесі секілді бауыр ауруларының симптомдары да пайда болуы мүмкін. Осы белгілер бауырдың уытты заттарды залалсыздандыруын жоғалтуымен байланысты. Нашар ұйығыштық салдарынан тамырлы жұлдызшалар пайда болуы мүмкін. Одан басқа, алақанның қызаруы, қабақ пен тілде майлы түйіртпек пен қызыл күрең реңкті симптомдар пайда болуы мүмкін.6

Негізгі синдромдар

изображение синдромов

Бауыр ауруларын сипаттай отырып, олардың негізгі симптомдарын жиі топқа (синдром) бірлестіреді. Осылайша бауыр ауруларының толық суретін құрау оңай болады.

Бауыр-жасуша жеткіліксіздігі синдромы

Дистрофия мен бездің қызмет атқаруы толық бұзылуымен ерекшеленеді. Өзіне тән синдромдары: жоғары дене қызуы, дене массасының жоғалуы, сары ауру, қызарған алақандар, тамырлармен мәселелер, шаштың шамадан тыс өсуі, әйелдерде етеккір циклінің бұзылуы. Ер кісілер симптомдары сондай болып келеді, бірақ ерекшелік ретінде құмартудың бұзылуы болуы мүмкін. Қан талдауы жоғары билирубин мен төмен ақуыз, сонымен қатар ұйығыштық факторларының төмендеуін көрсетеді.

Холестаз синдромы

Синдром жасыл реңкті болатын, сару ауру ретінде білінеді. Бауыр ішілік немесе бауырдан тыс өт жолдарында өттің іркілу нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар тері қышынуы, қабақтағы сары шытыра, зәрдің күңгірт түсі, ашық түсті нәжіс, тері пигменттенуінің артуы пайда болады. Қан талдауында сілтілі фосфатазалар, гаммаглутаминтранспептидазалар, холестерин мен жанама билирубиннің артуы байқалады. Зәрде өт пигменттерінің саны артады.

Портальды гипертензия синдромы

Цирроз, ісіктер, қақпалы көктамырдағы қан айналымының бұзылуы нәтижесі ретінде, сонымен қатар бауырдың уыттармен зақымдануы, созылмалы гепатит пен паразиттер әрекеті салдары ретінде пайда болады. Портальды гипертензияның 4 сатысы бөлінеді. Біріншісі тәбеттің бұзылуымен, ас қорыту проблемасымен, тұрақсыз нәжіспен, іш пен оң қабырға асты тұсындағы ауырумен ерекшеленеді. Екінші сатысы (бірқалыпты) көкбауырдың ұлғаюы мен өңеш тамырларының кеңеюіне алып келеді. Үшінші (білінетін) сатысы құрсақ қуысында сұйықтықтың жиналуымен, тері бетінің көгеруімен, ісіктермен, сонымен қатар ішек, асқазан мен бүйрек жұмысының бұзылуымен күшейеді.

Мезенхимальді-қабыну синдромы

Мезенхимальді-қабыну синдромы бауыр қабынуы сатысын анықтауға мүмкіндік береді. Клиникалық синдром буын ауыруларымен, дене қызуының жоғарылауымен, лимфатүйіннің ұлғаюы мен ауыршаңдығымен, тері тамарларының бұзылуымен, көкбауырдың ұлғаюымен білінеді. Талдау қандағы жалпы ақуыздың төмендеуін, сарысу гаммаглобулинінің артуын көрсетеді, қанда ДНҚ мен иммуноглобулин фракциясына өзіндік антиденелердің ара қатынасы артады.

Цитолитикалық синдром

Ол гепатоциттердің, сонымен қатар бауыр жасушасының жарғақшасының зақымдануынан пайда болады. Жасушалар түрлі заттардың енуіне осал бола бастайды, бұл некрозға алып келуі мүмкін. Цитолизге вирусты және уытты мінездің зақымдануы, сонымен қатар қоректік заттардың жеткіліксіздігі алып келеді. Цитолитикалық синдром сондай ақ гепатит, қатерлі ісік пен цирроз кезінде жиі кездеседі. Қан талдауында қан трансаминазаларының, тікелей билирубин мен бездің артуы байқалады.4

Алдын алу

изображение печени с краном

Өкінішке орай, бауыр жұмысына жағымсыз ықпал ететін барлық жойқын әсерлерден сақтап қалу мүмкін емес. Бауыр патологиясын әлеуметтік мәселеге жатқызуға болады. Көптеген аурулардың пайда болу себептерінің ішінде, әсер ету қиын себептер бар. Бірақ әрекетсіз болып қалмау қажет, өйткені без проблемасының пайда болу тәуекелін минималдауға көмектесетін барынша максимумды жасауға болады. Денсаулыққа зиянды өндіріс қалдықтарының ағын суларға түсуін қадағалау, вирусты гепатиті бар емделушілерді оңашалау, созылмалы бауыр аурулары бар емделушілер халін және т.б. қадағалау қажеттілігі сияқты көптеген мәселелер мемлекетке байланысты. Ал адам спиртті ішімдікті қабылдауды, денеге түсетін ауырлық саны мен тамақтану рационын қадағалай алады.

Бауыр аурулары кезінде тамақтану

изображение рациона в печени

Бауыр ауруын емдеу, аурудың түріне қарамай, кез келген ем үдерісі кезінде міндетті болатын диеталық тамақтанусыз мүмкін емес. Ем тиімділігі дәл осыған жиі тәуелді болады. Осыны аурудан тез сауығып кеткісі келген әр адам есінде сақтағаны жөн. Бауырдың өзінің негізгі қызметін орындауға көмектесу үшін салауатты өмір салтына қатысты дәрігердің кеңестерін анық ұстану маңызды. Тамаққа қолданатын өнімдер тек дұрыс таңдалып қана қоймай, сонымен қатар дұрыс дайындалуы тиіс. Буда дайындауға, қыздырып пісіру немесе бұқтыруға артықшылық беріп, қуырылған тамақтан бас тартқан жөн. Тамақты жиі, бірақ аз мөлшерде қабылдаған дұрыс. Жылы тамақты қабылдаған дұрыс. Тұздан бас тартпаған жөн – ол ағзаға қажет.

Рационнан нені алып тастаған дұрыс:

  1. Бауыр жұмысына ауыр тиетін алкоголь
  2. Майлы етті сорпалар
  3. Қою шай, кофе
  4. Арпа жармасынан және жүгеріден пісірілген ботқа
  5. Дәмдеуіштер, тұздықтар, кетчуптер мен табиғи емес тұздықтар
  6. Түгелге жуық балғын жемістер (сонымен қатар құрма мен інжір)
  7. Шоколад, какао, майлы кремдер
  8. Ас қатығы, майонез, қыша
  9. Уылдырық пен суши3

Бауыр аурулары кезіндегі жалпы кеңестер

Бауыр ауруларымен азап шегетін емделушіге гепатопротекторларды қабылдаған дұрыс. Сонымен қатар зиянды әдеттерден бас тартып, өмір сүру салтын толық өзгертіп, тамақтану рационын қайта қараған дұрыс. Майлы, ыстық, қуырылған және ащы тамақты қабылдауды шектеу қажет. Ыстық күннің астында ұзақ уақыт бойы тұру мен кез келген түрдегі күнге күюге кеңес берілмейді. Науқас қабылдайтын тамақ жаңа піскен болу қажет. Буда піскен майлы емес азық-түлікті таңдау қажет. Пияз бен сарымсақ та қарсы көрсетілген. Ашытқан сүт өнімдерін де шектеуге кеңес беріледі. Көкөністерді термиялық өңдеусіз шикі түрінде қабылдаған дұрыс. Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, тек емдеу процесін жылдамдатып қана қоймай, сонымен қатар ауру тәуекелін минималдауға болады. 6

Дереккөздер
  1. Газета РУ [Электронды ресурс]. – Қол жеткізу режимі: https://www.gazeta.ru/science/2016/04/02_a_8152163.shtml Бауыр тазарту – бұл қауіпті адасу – Жүгіну күні 25.02.2017
  2. Мен саумын [Электронды ресурс]. – Қол жеткізу режимі: http://www.ayzdorov.ru/lechenie_pechen_chto.php#part3. Бауыр ауруларының симптомдары, белгілері мен емі. – Жүгіну күні 25.02.2017
  3. ЗдравОтвет [Электронды ресурс]. – Қол жеткізу режимі: http://zdravotvet.ru/simptomy-zabolevanij-pecheni/. Бауыр ауруларының симптомдары – Жүгіну күні 25.02.2017
  4. Бәрі бауыр туралы [Электронды ресурс]. – Қол жеткізу режимі: http://vseopecheni.ru/zabolevaniya-pecheni/. Бауыр аурулары. – Жүгіну күні 25.02.2017
  5. КП.Ру [Электронды ресурс]. – Қол жеткізу режимі: http://www.kp.ru/guide/zabolevanija-pecheni.html Бауыр аурулары. – Жүгіну күні 25.02.2017
  6. Отбасылық дәрігер [Электронды ресурс]. – Қол жеткізу режимі: https://myfamilydoctor.ru/pervye-priznaki-zabolevaniya-pecheni/ Бауыр ауруларының алғашқы белгілері. – Жүгіну күні 25.02.2017

SAKZ.PCH.18.09.0917